Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
5179 4 пікір 9 Сәуір, 2021 сағат 11:42

Рубльдің кесірінен теңге құнсызданып жатыр

Мәскеуге батыс елдері тарапынан санкциялар салынып жатқан тұста, орыс валютасы күрт құнсызданып жатыр.

Ресей Орталық банкі ақша-несие саясатын қатайту жөнінде мәлімдеме жасағанына қарамастан, 7 сәуірде рубль АҚШ валютасына қарағанда бес айдан бергі ең төменгі минимумға жетті.

Ресеймен қатар Қазақстан мен Беларусь валюталары да әлсіреп жатыр.

8 желтоқсанда Қазақстан биржа қорында доллардың орташа бағамы 433 теңгені құрады. Ай басында доллар 426,94 теңгеге сатылған.

Қазақстан Ұлттық банкі теңге бағамының төмендеуіне рубльдің әлсіреуі және мұнайға қатысты бағаның тұрақсыздығы әсер етіп жатқанын түсіндірді.

Банктың монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов орыс валютасының әлсіреуіне санкциялар артып, рубль облигациясындағы шетелдік инвесторлардың қашып жатқаны себеп болуда дейді.

Бұл арада беларусь рублі де рекордтық деңгейге түсіп, 2,66 долларға бағаланды.

Credit Suisse қаржы тобының сарапшылары рубльдің әлсіреуіне Шығыс Украинадағы әскери эскалация қауіпі де себеп болып жатқанын айтты.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2528
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 661