Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024
Билік 4026 0 пікір 12 Сәуір, 2021 сағат 14:23

Тоқаев: Қазақстан ғарыш технологиясын игереді

Бүгінгі «Ғарышкерлер күні» мен «Ғылым күніне» орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты құттықтады.

«Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор», - деп жазды президент Твиттер парақшасына.

Ғарышкерлер күніне орай ел басшысы: «Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді», - деген твит жазған.

Abai.kz

0 пікір