Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2175 0 пікір 17 Сәуір, 2012 сағат 05:47

Шыңғысханның мүсіні –Лондонның қақ ортасында

Жуырда ресейлік Даши Намдаковтың жобасы бойынша қоладан құйылған аттылы Шыңғыс ханның бесметрлік мүсіні Лондон жұртына ұсынылды. Тасмүсін Гайд-парктың солтүстік-шығыс бөлігінен «қоныс тепті».

Шыңғыс қағанның ескерткіші буряттың суретшісі, ұста әрі зергері  Лондондағы «Хэлсион» галереясында қойылған ретроспектив туындыларының құрметіне арналған. «Көшпенділер әлемі» атты көрме 5 мамыр мен 7 шілде аралығында жұртшылыққа кереге жаймақ.

Моңғол  қағанатын құрған қаһарлы қағанның қола мүсіні ішкі қуатын сыртқа тебуімен аса ерекше.Шыңғыс қаған әскери жарақпен атқа қонған күйі аспаннан түскендей әсер береді. Қысыңқы көзі жерге қараған күйі, алақандарын төменнен тіреген ауаға жайған бейнесі көз тартады.

«Бұл жұмыс арқылы мен тарихи тұлғаны бейнелеуден гөрі, аспаннан түскен күйі адамдарға қайырым мен даналық сепкен тұлғаны көрсетуге тырыстым. Шыңғыс ханның тірі кезіндегі бейнесі қалған жоқ,оның үстіне деректі айғақтар бір біріне қайшы келеді, сондықтан мүсін-тұлғаны сынықтан жинап-тергендеймін. Шамасы маған эпикалық кейіпкерді сомдау бостандық берген сықылды.Өзім сондай мақсат қойдым, сол себепті де мүсін сондай аспандық, әуелік сипатқа ие болды», - дейді автор.

Намдаков бұл жобаны екі жылдан артық әзірлепті. Былтыр Бөкенгем сарайында болып, мүсінші Елизаветы II ханшаның жұбайымен әңгімелесіпті.Герцог Эдинбургский бурят суретшісінің өнериетіне (творчествосына) қызығып, ол туған Байкал өлкесінде болмағанына өкінген екен. Шамасы, Лондондағы мына қаған-мүсін сол кездесудің нәтижесі болса керек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485