Қырғыз эпосы мектеп пәні қатарына енгізіледі
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Қырғызстан мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап әлемдік ірі эпостардың бірі ретінде танылған «Манас» жаңа пән ретінде оқыту бағдарламасына енгізіледі, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Бұл туралы тиісті Жарлыққа республика президенті Алмазбек Атамбаев қол қойды.
Жаңа мектеп пәні «Манастану» деп аталады. Президент Атамбаевтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа пән Қырғыз халқының тарихи және мәдени мұралары жайлы мағлұмат берумен қатар, жас ұрпақты азаматтық патриотизм рухында тәрбиелеуге жәрдемдеспек.
«Біз мектеп оқушыларына түп-тамырларымызды еске салып, оладың бойында бірлік пен интернационализм рухын егуге тиіспіз. Қырғыздың осы ұлы эпосындағы негізгі идеялар барлық уақытта да өзекті», деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Қырғыз президентінің Жарлығына сәйкес 2012-2013 оқу жылында «Манастану» курсы елдің барлық жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық училищелерінде де енгізілмек.