Мәдениет және ақпарат министрі «Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы» бұйрығына қол қойды
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай 2012 жылғы 12 наурыздағы №7 «Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы» №7 бұйрығына қол қойды.
Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы №7
2012 жылғы 12 наурыз, Астана қаласы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 35-тармағын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Фильм индексін анықтаудың критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Д.МЫҢБАЙ.
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай 2012 жылғы 12 наурыздағы №7 «Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы» №7 бұйрығына қол қойды.
Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы №7
2012 жылғы 12 наурыз, Астана қаласы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 35-тармағын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Фильм индексін анықтаудың критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Д.МЫҢБАЙ.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 12 наурыздағы №7 бұйрығымен бекітілген
Фильм индексін белгілеу критерийлері
1. Осы Фильм индексін белгілеу критерийлері (бұдан әрі - Критерии) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі -Заң) 7-бабы 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдерді көрермендердің жас шегіне қарай топтастыру мақсатында фильмдердің мазмұнына талаптар белгілейді.
2. Фильмдерді топтастыру балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына, сезімі мен рухани дамуына зиян келтіретін дыбысты-бейнелі шығармалардан оларды қорғау үшін, сонымен қатар ересек аудиторияға фильмді көруде таңдау еркіндігін ұсыну үшін арналған.
3. Көрермендердің жас шегіне қарай фильмдердің келесі индекстері белгіленеді:
1) «К» - әртүрлі жастағы көрермендерге арналған фильмдер;
фильмдер жалаңаш көріністерімен, зорлық-зомбылық пен қатыгездік, сексуалдық көріністерімен, есірткі құралдары мен психотропты заттарды қабылдау көріністерімен, қайғылы оқиғалар, апаттар, өзіне өзі қол жұмсау, өлтіру, ауыр сырқаттар, ішімдікке және есірткіге тәуелділік, неке бұзу, нәсілшілдік, діни мәселелері, әлеуметтік жат мінез-құлық көріністерімен мазмұндалмаған;
фильмдерде жаргондар, балағат сөздер және нормативтен тыс лексика пайдаланылмайды;
2) «БА» - он екі жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берілген фильмдер:
фильмдер сексуалдық көріністерімен, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қабылдау көріністерімен, өзіне өзі қол жұмсау, өлтіру, ауыр сырқаттар, ішімдікке және есірткіге тәуелділік, неке бұзу, нәсілшілдік, діни мәселелері, әлеуметтік жат мінез-құлық көріністерімен мазмұндалмаған;
фильмдер қантөгісті көрсетпейтін зорлық-зомбылық көріністерімен, қайғылы оқиғаның немесе апаттың қысқаша бейнесімен, жекелеген жалаңаш көріністерімен мазмұндалған;
фильмдерде балағатсыз және нормативтен тыс лексикасыз белгілі жаргон сөздер пайдаланылады;
3) «Б14» - он төрт жасқа дейінгі балаларға ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер:
фильмдер сексуалдық көріністерімен мазмұндалмаған;
фильмдер өзіне өзі қол жұмсау, өлтіру, отбасылық өмір мен неке бұзу мәселелері, есірткіге және ішімдікке тәуелділік, сырқаттар, нәсілшілдік, діни мәселелері, әлеуметтік жат мінез-құлық көріністерін, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қолданудың қысқаша көріністерін, зорлық-зомбылық пен қатыгездік элементтері (төбелес, қару қолдану), жалаңаш көріністерімен мазмұндалған;
фильмдерде дөрекі жаргон, балағат сөздері пайдаланылады.
4) «Е16» - он алты жасқа дейінгі көрермендерге ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер:
фильмдер өзіне өзі, өлтіру, отбасылық өмір мен неке бұзу мәселелері, есірткіге және ішімдікке тәуелділік, сырқаттар, нәсілшілдік, діни мәселелері, әлеуметтік жат мінез-құлық, жалаңаш, зорлық-зомбылық көріністерін, егер ол егжей-тегжейлі және аса қатыгездікпен берілмесе, есірткі қабылдау және олардың салдарының, бірақ осы құбылысты ақтау тұрғысынан емес көріністерімен мазмұндалған;
фильмдерде гетеросексуалды жұптардың сексуалды өзара қарым-қатынастары жалпыға ортақ тәртіп нормалары шегінен шықпаған жағдайда, болжанады және имитацияланады;
фильмдерде дөрекі жаргон, балағат, нормативтік емес лексика сөздері пайдаланылады;
5) «Е18» - он сегіз жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер:
фильмдер өзіне өзі қол жұмсау, өлтіру, отбасылық өмір мен неке бұзу мәселелерінің, есірткіге және ішімдікке тәуелділік, сырқаттар, нәсілшілдік, діни мәселелерінің, әлеуметтік жат мінез-құлық, жалаңаш көріністерімен, кино туындысының сюжеті және көркемдік мақсатымен ақталған жағдайда жыныстық қатынас немесе өзге де эротикалық әрекеттер, сексуалдық зорлық немесе күштеу көріністерімен, зорлық-зомбылық көріністерімен, есірткіге салыну және оның салдарларын қиянат ету көріністерімен мазмұндалған;
фильм кейіпкерлерінің сөйлеген сөздері шектетілмеген;
6) «НА» - жиырма бір жасқа толған көрермендерге ғана арналған фильмдер:
фильмдер Республиканың конституциялық құрылымын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністерімен, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністерінен өзге кез келген көріністермен мазмұндалған;
фильм кейіпкерлерінің сөйлеген сөздеріне шектеу жоқ.
4. «НА» индексті фильмнің жариялы көрсетіліміне (демонстрациясына) жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн осы мақсаттарға арналған кинозалдар мен орындарда жол берiледi.
Телеарналар бойынша (шетелдік телеарналарды қоспағанда) «Е18» индексті фильмдi - жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн, «НА» индексті фильмдi жергiлiктi уақытпен сағат нөлден таңғы сағат 06-ға дейiн көрсетуге жол берiледi.
5. Әр фильмге индексі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетімен беріледі және фильмге прокаттау куәлігінде белгіленеді.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 10 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7537 болып енгізілді.