Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2321 0 пікір 18 Сәуір, 2012 сағат 09:20

Бүгін Атырауда лаңкестік бойынша айыпталушыларға үкім шығарылады

АТЫРАУ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау соты лаңкестік әрекет үшін жазалауды қарастыратын бап бойынша 47 айыпталушыға үкім шығаратын болады.

Еске салайық, Атырауда бір айдан астам уақыт бойы лаңкестік әрекеттер үшін және мұндай әрекетке қолғабыс еткені үшін айыпталып жатқан бір топ тұлғаға қатысты сот процесі жүруде, деп ресми мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған Атырау облысаралық сотында өтіп жатқан сот процесіндегі айыпталушылар орындығында 42 адам отыр.

Олардың барлығына лаңкестік, лаңкестікті насихаттау, лаңкестік топты құру, оған басшылық жасау және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ экстремизм немесе лаңкестік қызметті қаржыландыру айыптары тағылып отыр, Айыпталушылардың жасы - 22-32 жас аралығында.

Олар 2011 жылғы тамыз айының аяғы мен қыркүйекте ұсталды. Ұсталу кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық танытпақ күдіктілердің біріне оқ тиді.

Лаңкестікке байланысты екінші факті бойынша 5 адам өтуде. Олар 2011 жылғы 1 қазандағы лаңкестік шараларды даярлауға қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Жанкешті облыстық әкімдік пен қалалық прокуратураның маңында екі жарылғыш затты іске қосқан болатын. Сот тергеу абақтысында өтті.

Бұрын хабарланғандай, Атырау және көршілес облыстарда лаңкестік актілерді жасауға даярланған айыпталушылардың барлығы сот алдында жауап беріп жатқан жоқ. Күдіктілердің бірқатары шетелде жүргені белгілі. Тергеу барысында олардың Пәкістанмен және Ауғанстанмен байланысы бақыланды. Күдіктілердің бірі бұған дейін Украинаның Киевінде ұсталды.

Сот процестерінің екеуі де жабық режімде, күшейтілген қауіпсіздік шараларымен өтті.

0 пікір