Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2738 0 пікір 18 Сәуір, 2012 сағат 09:27

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы шығысқазақстандық ақын-жазушылардың таңдаулы шығармаларының 20 томдығымен толықты

Еліміздің рухани мұра қазынасы «Алтай - Ертіс кітапханасы» жаңа кітап сериясымен толықты. Шығысқазақстандықтардың 20 томдық кітабы - бұл серияның алғашқы басылымдары. Жақында оның тұсаукесері Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтті.

Аталмыш шараға Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы Омар Жақсылық бастаған бір топ шығыс өңірінен шыққан мәдениет және өнер саласының майталмандары, белгілі қаламгерлер мен бір топ ақындар қатысты.

«Алтай-Ертіс кітапханасы» - еліміздегі әдебиет саласының алғашқы көлемді өңірлік жаңа жобасы. Оның іске асуына және көпшілік көңілінен шығуына елімізге танылуына мұрындық болған әрі өзінің қамқорлығын көрсеткен үлкен өнер жанашыры, ұлт жанды аймақ басшысы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев мырза. Қазақ әдебиетімен өнеріне әр қашанда жанашырлықпен қарайтын облыс әкімі бұл топтаманың алғы сөзін  «Рухани мұра - оқырман олжасы» деп тегін атамаған. Өйткені, бұл ғаламат  сөздер де «Алтай - Ертіс кітапханасы» жобасының мақсатын айқындай түседі, яғни, шығысқазақстандық ғылым, білім, мәдениет қайраткерлерінің рухани мұрасын өскелең ұрпаққа табыс ететініне күмән жоқ.

Жаңа басылған 20 томдық басылымда, 20 жазушы есімі - тек жерлестеріміздің ғана емес, бүкіл алаш елінің мақтанышы. Топтама қазақ әдебиетінің кемеңгері, дана Абай шығармаларының маржан сөздерімен, тамаша жинақтарымен бастау алған. «Алтай-Ертіс кітапханасының» бірінші топтамасына Ш.Әбенов, С.Қасқабасов, Қ.Ысқақов, Қ.Жұмаділов, Н.Айтұлы, Ш.Бейсенова, К.Юсупов, Ә.Асқаров, Т.Жұртбай, С.Оразалы т.б. сынды қарымды қаламгерлер шығармалары енген. Аталған серия «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен атқарылған игілікті іс. Облыстық мәдениет басқарамасының бастығы Жақсылық Омардың айтуы бойынша бұл аталған жаңа жинақтар топтамасы Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне тарту болмақ. Сонымен қоса, алдағы уақыттары жаңа авторлардың еңбектері жарияланған кезекті топтаманы жарыққа әкелу «Алтай-Ертіс кітапханасы» ұйымдастырушыларының көмегімен жалғастырыла бермек.

Қара көк түсте алтын жазу... аспан мен судың түсі, өмір мен жігердің түсі. Ол әркімді терең ой мен ақиқатқа жетелейді. Алтын жазулар - даналық нұры іспеттес...

«Жастар қазақтың шын жазушылары мен ақындарын тану үшін, қастерлеу үшін, біз бұл кітаптарды кітапханаларға таратамыз. Олардың шығармалары әрбіріміздің жадымызда болуы тиіс. Бұл 20 томдық Шығыс Қазақстан әкімдігінің кітапханаға жасаған сыйы», - дейді  бізбен әңгімесінде Мәдениет пен өнердің қолдаушысы, жарқын жобаның іске асуына ілкімділік танытқан, іскер басшы Жақсылық Омар.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=section&layout=blog&id=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір