Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2333 0 пікір 18 Сәуір, 2012 сағат 10:05

Туалетте туған тірі жетім

Маңғыстау облысының орталығы - Ақтау қаласының жедел жәрдем бөлімінің дәрігерлері кезекті толғақ шақыруымен 28-нші ықшам аудандағы көпқабатты үйлердің біріне барады.

Дәрігерлер дәретханада босанып отырған жас ананың үстінен түседі. Шарана кіндігі кесілмеген қалпы унитаздың ұңғысының ішіне жатқанын көреді. Ақ халатты жандар дереу сәбидің кіндігін кесіп, қажетті көмек көрсетеді де, анасы мен баласын ауруханаға алып кетеді.

Ауруханада бес күн жатқан соң, жас ана үйінің, жұмысының жоқтығын, күйеуге де шықпағанын айтып, баласынан бас тартатыны мәлім етеді. Дәрігерлер сәбиін тастамауға үгіттегендірімен, одан еш нәтиже шықпайды.

Ақыры, көкек ана бес күн ғана ақ сүтін беріп емізген, туған баласын тастап кете барады.

Дәрігерлер анықтағандай, жас ана Өзбекстаннан Ақтауға келген Қазақстан азаматы екен. Ата-анасы ажырасқандықтан, әжесінің тәрбиесінде өскен қыз шаранасын шырылдатып тастап тайып тұрыпты.

Дәрігерлер дүниеге келе сала тағдырдың талқысына түскен күнәсіз сәбидің денсаулығы жақсы екен айтады. Салмағы - 3 кг. 600 гр.

Міне, тағы бір тірі жетім тағдырымен күресін бастады...

«Абай-ақпарат»

Суреттер және мақала деректері lada.kz сайтынан алынды

0 пікір