Жұма, 18 Қазан 2024
3712 4 пікір 21 Сәуір, 2021 сағат 13:18

АҚШ елшісі: Санкциялардың Қазақстанға әсері болғанын қаламаймыз

АҚШ елшісі Уильям Мозер пресс-конференция барысында Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері болмауы үшін жұмыс істеп жатқанын жеткізді. 

"Біз санкцияларды Ресейдің ұстанымы мен көзқарасын өзгерту үшін салдық", - деді Уильям Мозер. Елші Ресейдің заңсыздықтарын АҚШ енді көтере алмайтынын да айта кетті.

"Біздің сайлау процесіміз бен ішкі саясатымызға араласу фактілері болды. Мұндай әрекеттерге біз қатаң жауап береміз. Ал Қазақстанға қатысты айтатын болсам, біз Қазақстанда жұмыс істегенбіз және істей береміз. Қазақстанға санкциялардың әсері болмау үшін әрекеттеніп жатырмыз. Біз бұл санкциялардың Қазақстанға кері әсер еткенін қаламаймыз", — деді елші.

16 сәуір күні АҚШ Ресейге жаңа санкциялар салды. Ол рубльді құлдыратып,Ресей экономикасының өсу динамикасына әсер етті.

Abai.kz

4 пікір