Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 7272 7 пікір 22 Сәуір, 2021 сағат 14:40

«Еңбекке жарамсыз» Есімов Елбасына не көмек бермек?

Жуырда ғана «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшылығынан кеткен Ахметжан Есімов енді Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді. 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Есімов Ахметжан Смағұлұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды»,- деп жазды ол.

Бұған дейін Есімов мырза Президент пен премьерліктен басқа лауазымды қызметтің барлығында болды деуге болады. « ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясын, «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорын» басқарды.

Ал, kz.expert сайты оның Қазақстандық агроөнеркәсіп компанияларының жиынтығы «Иволга-Холдингтің» жасырын иесі болғанын жазады. Одан бөлек, Есімов пен оның күйеубаласы Ғалымжан Есеновтің отбасылық бюджеті 2,5 млрд доллардан асатын көрінеді. Есімов-Есенов отбасылық келісім-шартының кіріс көзі негізінен «АТФ банк», спорттық қорлар және әр түрлі еншілес компаниялардың басын біріктірген «Самұрық-Қазына» қорынан түскен-мыс.

Сөйтіп, төрт жыл «Самұрық-Қазынаның» тізгінін ұстаған ол, былтыр жыл аяқталар сәтте Президент Тоқаевқа «қордың табысы 436 млрд теңгеге жетті», деп есеп берді. Ал, осы жылдың наурыз айында Есімов ол қызметтен де босатылды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Самұрық-Қазына» басшылығының Ахметжан Смағұлұлының қызметтен алынуының себебі -  «еңбекке жарамсыз», деп түсіндіргені туралы ақпарат тараған болатын. Енді, сол «еңбекке жарамсыз» Есімов Елбасына көмек беретін көрінеді. Айтпақшы, Есімовтың жасы биыл – 70-те!

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ:

Есімов енді қайда барады?

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394