Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 4399 0 пікір 19 Сәуір, 2012 сағат 12:12

«Шолпан» журналы мен «Ақ жол» газеті жеке кітап болып басылып шықты

АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бұл  екі басылымдағы мақалалар бүгінгі ғылымға өте құнды мәліметтер береді.

Оны филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Кәкішев кеше Алматыда «Шолпан» журналы мен  «Ақ жол» газеттерінің  көптомдықтарының таныстырылу рәсімінде айтты.

Т. Кәкішевтің айтуынша, бұл жинақтар  өткен ғасырдың алғашқы ширегіндегі  қазақ тіл білімінің қаншалықты дамығандығын айқын көрсетеді. Олардың түпнұсқасын жинақтап, баспаға дайындаған белгілі ғалым, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызының сөзіне қарағанда, кітапты шығаруға Қазақстандағы, Ресейдегі және Өзбекстандағы Ұлттық кітапханалардың зор көмегі тиген.

«Шолпан» журналының 1922-1923 жылдар аралығында жарық көрген сандарын төте жазудан  кириллицаға аударып шыққан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Сәрсебай Кәрібаев пен Оңтүстік Қазақстан облысы Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының ғылыми қызметкері Нұрсұлу Төлеева. Ал «Ақ жол» газетінің көптомдығы «Шолпан» журналы кітабының заңды жалғасы болып табылады. Кітапқа газеттің 1920-1921 жылдар аралығында шыққан 47 саны кіргізілген.

0 пікір