Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4742 28 пікір 24 Сәуір, 2021 сағат 13:38

Бейсенбаев: Мамай дебатта емес, сотта жауап берсін

«Заң баршаға ортақ, біреуге жала жаптың ба, сот алдында айтқан сөзің үшін жауап бер!». Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев оппозиционер Жанболат Мамайдың Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке қатысты жариялаған видеосына пікір білдіріп, осылай депті.

«Бұл сасқан үйрек артымен жүзеді дегеннің кейпі. Қандай дебат, адамға жала жаптың ба, енді соттың алдында жауап бер. Айтылған сөз – атылған оқ. Заң саясаткерге де, қарапайым адамдарға ортақ. Ол ертең сот отырысын дебат ретінде пайдалансын, сол жерге бүкіл дәлелдерін алып келіп, айтқан сөздеріне жауап берсін», - деді Е.Бейсенбаев журналист Нартай Арайлбайұлымен болған сұхбатта.

Айта кетейік, бұған дейін қоғам белсендісі Жанболат Мамай Бауыржан Байбекті айыптап видеоролик жариялаған болатын. Артынша Б.Байбек блогер Тәңірберген Бердоңғаровқа берген сұхбатында Мамайдың таққан әрбір айыбына жауап беріп, оны сотқа беретінін айтқан еді.

«Бұл – прецедент. Бұған дейін Мамай Nur Otan-ға қатысты талай жала жапты. Бірақ, Бауыржан Байбек оған шүйліккен де жоқ, назар да аударған жоқ. Бірақ, мәселе жеке басына келгенде ол өз абыройын қорғап отыр. Біз саяси мәдениетті ел құрамыз десек, әрбір сөзімізге, ісімізге жауап беруіміз керек», - деді депутат.

Елнұр Бейсенбаев Жанболат Мамаймен бірнеше жыл бұрын бір бағытта жұмыс істескенін, талай іс-шараны бірге өткізгенін айтып, қазір жолдары екіге айырылғанын айтты. Ал, сөз соңында ол Жанболат Мамайды ашық дебатқа шақырды.

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366