Жұма, 18 Қазан 2024
2874 1 пікір 26 Сәуір, 2021 сағат 11:48

Оскар "2021" жеңімпаздары анықталды

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында "Оскар" премиясы 93 мәрте ұйымдастырылды. 28 ақпанда өтуге тиіс болған жиын коронавирусқа байланысты сәуір айына шегерілген еді. Биыл "Оскар" премиясы ашық форматта өтті. Премияны табыстау кешіне келе алмаған жандар үшін Еуропа елдерінде арнайы алаң ашылды. Сонымен үздік деп табылған кинокартиналар: 

Үздік режиссер: Хлой Чжао («Көшпенділер жері»)

Екінші пландағы үздік ер адам рөлі: Дэниэл Калуй («Иуда және қара мессия»)

Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі: Юн Ё-джон («Минари»)

Үздік оригиналды сценарий: Эмералд Феннел («Үміт сыйлайтын қыз»)

Шет тіліндегі үздік фильм: «Тағы бір реттен» дат режиссері Томас Винтерберг.

Үздік қысқа метражды фильм: «Екі бейтаныс жан»

Үздік қысқа метражды анимациялық фильм: «Қандай да бір жағдай болса, мен сізді жақсы көрем»

Үздік адаптацияланған сценарий: «Әке», француз жазушысы және драматургі Флориан Зеллер.

Үздік қысқа метражды деректі фильм: «Колет»

Үздік деректі фильм: «Менің ұстазым-осьминог».

Үздік әртіс - Энтони Хопкинс, "Әке" фильміндегі рөлі үшін.

Үздік фильм: "Көшпенділер жері"

Abai.kz

1 пікір