Жұма, 22 Қараша 2024
4117 1 пікір 29 Сәуір, 2021 сағат 13:28

Соғыс ардагерлері мен шет мемлекеттердегі әскери ұрыстарға қатысқандарға материалдық көмек беріледі

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 76 жыл толуына орай, соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға бір реттік жәрдемақы төленетіні жөнінде шешім қабылданды.

Оған сәйкес, Қазақстанның барлық аймағындағы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалмақ.

Ал, тағайындалған жәрдемақыны алатындар қатарында соғыс ардагерлері мен мүгедектері және екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген азаматтар сонымен қатар, тыл ардагерлері бар.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысына сай, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерімен оларға теңестірілген азаматтарға ақшалай төлем болған кезде, қаржылай ынталандыру барлық өңірде бірдей мөлшерде болуы қамтамасыз етілген. Сонымен биыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 76 жыл толуына орай, барлық өңірдегі қазақстандық соғыс ардагерлеріне бір реттік бір миллион теңге көлемінде материалдық жәрдем беріледі.

Соғыс ардагерлеріне бір реттік әлеуметтік жәрдем беру туралы ұсынысты Алматы қалалық мәслихаты да көтерген. Оны 2021 жылғы 30 сәуір күні өткен IV сессиясының барысында қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева ұсынған болатын.

Сөйтіп, соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден, ал, бейбіт кезеңде қаза тапқан ардагерлердің жұбайларына және еңбек майданына қатысушыларға 50 мың теңгеден бір реттік жәрдемақы берілмек.

Ал, Алматы қаласындағы екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 123 ардагер мен мүгедектерінің әрқайсына 1 миллион теңгеден, 12 мыңнан астам адам 50 мың теңгеден, сонымен қатар, 4 мыңға жуық адамның әрбірі 100 мың теңгеден алу туралы шешім қабылданған.

Нақтырақ айта кетсек,

- Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан азаматтар мен мүгедектерге, 123 адамға 1 миллион теңгеден беріледі.

- Екінші дүние жүзілік соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер бойынша, 1709 адамға 100 мың теңгеден беріледі.

- Екінші дүниежүзілік соғысында қайтыс болған (хабарсыз кеткен, қаза тапқан) азаматтардың екінші рет некелеспеген жесірлеріне 100 мың теңгеден тағайындалға.

Сонымен қатар, шет мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, яғни,, 2 725 адамға 100 мың теңгеден беріледі.

Одан бөлек, екінші дүниежүзілік соғысында қайтыс болған, жеңілдіктер немесе мүгедектігі бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамның жұбайы, сонымен қатар, жұмыста мертігк, жалпы ауруға шалдығу және басқа да себептердің салдарынан мүгедек атанған, екінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқан астыртын әрекет етушінің, партизанның, Ленинград үшін медалімен марапатталған жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына, яғни, 590 адамға 50 мың теңгеден тағайындалатын болады.

Және, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылда еңбек еткен майдан қатысушыларына, соның ішінде КСРО ордендері мен медальдарымен марапатталғандарға, сонымен қатар марапатталмаған 12 мың адамға 50 мың теңгеден беріледі.

Сондай-ақ, шет мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде мертігуі, ауруға шалдығуы, жаралануы салдарынан қайтыс болған немесе хат-хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің қайта некеге тұрмаған жұбайларына және ата-аналарына, яғни, 29 адамға 100 мың теңгеден тағайындалмақ.

Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өткен жылғы мамыр айындағы есебі бойынша, Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 1025 ардагер мен мүгедектері тұрады. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы азаматтардың саны 123 мыңнан асатыны айтылған. Министрлік мәліметінше, 2015 жылы, яғни, соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуына орай, ардагерлердің барлығы тұрғын үймен қамтылыпты. Ал, 2020 жылы соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген 2100-ге жуық азамат баспана кезегінде болған.

Сонымен қатар, 2020 жылы ҚР Мәжілісінде “Ардагерлер туралы” Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Заң жобасында қолданыстағы заңнама бойынша соғыс ардагерлеріне тағайындалатын барлық дерлік кепілдіктер мен жеңілдіктер кіріктірілген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, аталған Заң жобасының аясында бірнеше шаралар ұсынылған. Олардың қатарында: ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын бес санатын анықтау, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінің санаттарын кеңейту, Ауғанстандағы және басқа елдердегі ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерді басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жатқызу; Чернобыльдегі апат салдарын жоюға қатысушыларын, сонымен қатар Социалистік Еңбек ерлерін, интернационалист-жауынгерлерді  әлеуметтік қолдау бойынша шараларды күшейту секілді шаралар ұсынылған.

Ал, 5 әлеуметтік қорғалатын санаттағы ардагерлер қатарына: Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер, кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Заң күші қолданылатын басқа да санаттағы адамдар мен еңбек ардагерлері жатады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін мемлекеттік жәрдемақы 4,8 АЕК көлемінде яғни,  12 725 теңге болып белгіленген болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321