Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2620 0 пікір 23 Сәуір, 2012 сағат 08:57

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР «ЖЫРЫ» МӘЖІЛІСКЕ ЖЕТТІ

Соңғы кездері дау-дамайдан көзін ашпаған мемлекеттік рәміздер мәселесін депутат Бақытбек Смағұл Мәжілісте көтерді. Үкімет басшысына, Мемлекеттік хатшы мен Бас прокурорға бағытталған сауал осыған дейін биік мінберден айтылмаған еді. Жетер жеріне жеткізе айтқан Б.Смағұл мырза осылайша «күн кейіпкеріне» айналып шыға келді.

Бақытбек Смағұл Талдықорған қаласындағы облыс әкімдігі мен Атыраудағы облыстық Көлік прокуратурасы мекемесінің маңайын жинаған топтың мемлекеттік Тумен қоқыс төккенін теледидардан көріп, намыстан жарылардай болғанын айтудан бастады сауалын. Кеше ғана Азия ойындарында Тудың аяқ астында тапталғаны, Қостанайда Әнұран орнына Рикки Мартиннің әнінің қойылып кетуі, Кувейттегі жарыстың марапаттау рәсімінде әлдебір сайқымазағы айтылғанынан кейін түркі әлемінің Ту тіккен мекені деп мақтанып отырған елдігіміз осы ма деп ұяттылау жайттарды тәтпіштеп тізіп берді. Депутаттық сауалдың соңы «Қылмыстық кодекстің 317-бабында ҚР мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын немесе Әнұранын қорлау 200 айлық есептік көрсеткіш пен 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі бас бостандығынан шектеуге жазаланады делінген. Бұл күлкілі мәселе. «Сондықтан 2013 жылдың Қылмыстық кодексін жаңарту үрдісінде біз ең бірінші кезекте 317-баптағы қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуымыз керек» дегенге келіп тірелді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бірден: «Көп болып құптаймыз», - деп қуантты. Десе де, бұл айтылғандардың барлығы күн тәртібінде тұрған жайт екен. Рамазан Сәрпековтің айтуынша, қазіргі кезде депутаттардың қарауында мемлекеттік рәміздерге қатысты заң жобасы жатқан көрінеді. Алайда ол заң жобасында Ту мен Елтаңба туралы мәселеде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қаралғанымен, Әнұранға қатысты талаптарды бұзған жағдайда жауапқа тарту туралы бір де-бір бап жоқ. «Мәжілісте жатқан заң жобасын қарау кезінде Әнұранға қатысты жауапкершілік Ту мен Елтаңбамен бірдей болсын деп ұсыныс білдірген едім», - деді Р.Сәрпеков.

Айтпақшы, Елтаңбамыз бейнеленген күлсалғыштың саудаға шыққанынан да ел құлағдар. Бірақ әзірге бұл туралы бас қатырып жүргендер жоқ. Әлде оны айту қажет емес пе екен?

Заңғар ТАУДАЙ

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391