Әбіуақап Қара. Шетел қазағы Қазақстанына жанын беріп жатыр...
Доцент, жаратылыс ғылымдарынын докторы Хақан Одұнжыұлы Британияда медициналық электроника саласында маман ғалым еді. Кардиф университетінде жұмыс істейтін (Ол туралы мына сілтемені қараңыз http://mespru.research.glam.ac.uk/staff/hoduncu/) Назарбаев университетінің дамуына үлес қосу үшін қызмет істеп жүріп осы сәуір айының 21-і күні 44 жасында кенеттен дүние салды. Бұл ер азамат үшін, патриот үшін, елін сүйген ғалым үшін үлкен мәртебе. Ислам діні «ғалымның сиясы шәйіттің қанынан да қасиетті» дейді. Хақан әрі ғалым, әрі отаны үшін жанын пида қылған шәйіт. 22 сәуір күні Ыстанбұлда тұратын атасы Ғани Одұнжының үйіне барып көңіл айттым. Құрметті ата, өте байыпты, салмақты да салқын қанды жан екен. Құдайдың жазғаны, тағдыр солай екен деп белді бекем буып отыр. Сонда Ұлы Британия қазақтарының өкілі Бәшір Жаналтай «Хақан елі үшін елінің ғылымына үлес қосам деп жүріп Атамекенде дүние салды. Жаназасын сонда жерлеуге ұлықсат етесіз бе? Егер ұлықсат етпесеніз, түрік және ағылшын орындары бүкіл шығындарын төлеп сүйегін Ыстамбұлға жеткізетін болады. Аландамаңыз, бірақ ұлықсат етіңіз, сүйегі туған елінде қалса жақсы болар еді" деп сұрады.
0 пікір
Үздік материалдар |