Жұма, 20 Қыркүйек 2024
4989 0 пікір 5 Мамыр, 2021 сағат 13:39

Израиль Сирияға жойқын соққы жасады

Израиль Сирияға зымыранмен соққы жасады. Сирия әуе қорғаныс жүйелері бірнеше зымыранды әуеде қағып түсірген. Израиль Сирияның Латакия қаласын соққы астына алған. Шабуыл Ресей әскери базасына жақын маңға жасалған. 

Израиль бірнеше нысанға соққы жасаған. Шабуыл салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тауып, алты адам жарақат алған. Латакия қаласындағы пластмасса өндіретін зауыт тұтастай жанып кеткен.

Сирия әуе қорғаныс жүйелері бірнеше зымыранды қағып түсірген. Бұл Израильдің алғашқы шабуылы емес. Израиль Иран күштеріне қарсы Сирияға бесінші жыл қатарынан соққы жасап келеді.

Abai.kz

0 пікір