Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.
Қаулыға сәйкес базарларға бірқатар талап қойылды:
- Сауда объектісінің аумағына маскасыз кіргізілмейді;
- Объекті әкімшілігі мен жауапты адамдар келушілер мен қызметкерлердің міндетті түрде маска киуін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтауын қадағалайды;
- бутиктердің алдында адамдар көп жиналмас үшін қоршаулар мен тосқауыл таспалар, еден таңбалар, сондай-ақ ирек белгі қойылады;
- Сауда объектісінің әкімшілігі сатушылар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтайды;
- Тауар сататын адамдар сауда аймақтарында (бутиктерде) 1 адамға сауда алаңының 4 шаршы метрі есебінен әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
- Санитарлық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радиотрансляция кемінде 60 минутта 1 рет жүзеге асырылады.
Сауда объектісінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:
- меншік иесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын, температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақытылы ауыстыру, дезинфекциялау, антисептикалық құралдардың болуын қадағалайды;
- сауда бутиктеріне және кіреберістерде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге тиіс;
- халыққа қызмет маскамен көрсетіледі.
Сауда-ойын кешендеріне және фуд-корттардың қызметіне қойылатын талаптар:
- Кіреберістегі адамдардың және мекемедегі қызметкерледің дене температурасы тексеріп кіргізіледі;
- Сауда объектісінің күзет қызметі келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киуін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтауын бақылайды;
- Фуд-корттардың толтырылуы әлеуметтік қашықтықты сақталған кезде 1 келушіге 4 ш.м. есебімен қамтамасыз етіледі;
- адамдар көп жиналатын мәдени-бұқаралық, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар және т.б. өткізуге тыйым салынады;
- 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, фудкорт аумағына маскасыз кіруге тыйым салынады;
- Келушілер шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін тиісті жағдай қамтамасыз етіледі.
Театрларға, концерттік ұйымдарға қойылатын талаптар:
- Ашылу алдында объектіде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, толық тазалау жұмысы жүргізіледі;
- Дайындық кезінде адамдардың саны кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен залдар бойынша бөлінеді;
- Объектінің аумағына маскасыз кіруге жол берілмейді;
- Кіру билеттерін онлайн режимде ала алады;
- Әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа да орындарда еденге белгілер орнатылады;
- Мәдени объектілерге келушілерге бөтелкедегі су мен сусындарды қоспағанда, тамақ өнімдерін сатуға жол берілмейді;
- Көрермен залының сыйымдылығы 100 отырғызу орнына дейін болатын театрларда 25 көрерменнен асырмай толтыруға жол беріледі;
- Кіреберісте, холлдарда, фойеде, дәліздерде, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.
Abai.kz