Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4156 0 пікір 2 Мамыр, 2012 сағат 11:53

Бүркіт НҰРАСЫЛ. ҚАЗАҚ ҚАЛАЙ БОСҚЫН АТАНДЫ?

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің баяндамасын көзіміз шалды. Баяндамаға сенсек, 2011 жылы 44 дамушы  мемлекеттен, әлемнің әр түкпірінен барлығы 441 мың 300 адам саяси баспана сұрап, үшбу хат жолдаған екен. Шамамен жарты млн-ға жуық адам. Бір қызығы, айдың-күннің аманында өз елінен безіп, жат жұрттан пана сұраған сол жарты миллионның арасында қазақстандықтар да қылаң бере бастапты. Ондайлар ондап емес, мыңдап саналады -  2010 жылы елімізден 3 мың 632 адам (!) босқын ретінде қашып шыққан көрінеді. Бұлардың 745-інің босқын мәртебесі туралы құжат мәселесі әлі де шешілмеген. Тек өткен жылдың өзінде ғана бір Польша мемлекетінен 17 отандасымыз саяси баспана сұрапты...

Әлемдік аренада өз тәуелсіздігін орнатып, отау құрған қазақ елі айналасы бірнеше жылдың ішінде «бейбітшілік ордасы» немесе «татулық ұясы» деген атаумен танылды. Турасын айтқанда, солай таныттық. «Бизнес үшін қолайлы орта қалыптасып», бизнесмені бар, қойны-қонышын Иса мен Брахманың «ұлағатына» толтырған миссионер, қашқын-пысқыны бар ағылып жатты. Бүгінде халықтың өңі түгілі түсіне де кірмеген  экстремизм, терроризм түсінігі сыналап кіре бастады. Әлемге «тыныштық ордасы» атанып жүрген қазақ елі жалғыз-ақ күнде «террорист» атанды. Сөйтіп Батыс бізді «терроризм қаупі бар» қауіпті он елдің қатарына қоса салды.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттігінің баяндамасын көзіміз шалды. Баяндамаға сенсек, 2011 жылы 44 дамушы  мемлекеттен, әлемнің әр түкпірінен барлығы 441 мың 300 адам саяси баспана сұрап, үшбу хат жолдаған екен. Шамамен жарты млн-ға жуық адам. Бір қызығы, айдың-күннің аманында өз елінен безіп, жат жұрттан пана сұраған сол жарты миллионның арасында қазақстандықтар да қылаң бере бастапты. Ондайлар ондап емес, мыңдап саналады -  2010 жылы елімізден 3 мың 632 адам (!) босқын ретінде қашып шыққан көрінеді. Бұлардың 745-інің босқын мәртебесі туралы құжат мәселесі әлі де шешілмеген. Тек өткен жылдың өзінде ғана бір Польша мемлекетінен 17 отандасымыз саяси баспана сұрапты...

Әлемдік аренада өз тәуелсіздігін орнатып, отау құрған қазақ елі айналасы бірнеше жылдың ішінде «бейбітшілік ордасы» немесе «татулық ұясы» деген атаумен танылды. Турасын айтқанда, солай таныттық. «Бизнес үшін қолайлы орта қалыптасып», бизнесмені бар, қойны-қонышын Иса мен Брахманың «ұлағатына» толтырған миссионер, қашқын-пысқыны бар ағылып жатты. Бүгінде халықтың өңі түгілі түсіне де кірмеген  экстремизм, терроризм түсінігі сыналап кіре бастады. Әлемге «тыныштық ордасы» атанып жүрген қазақ елі жалғыз-ақ күнде «террорист» атанды. Сөйтіп Батыс бізді «терроризм қаупі бар» қауіпті он елдің қатарына қоса салды.

Енді міне - босқын атандық! Бұл әрине, шенеуніктер үшін жай ғана статистика болуы мүмкін. Алайда бүтіндей бір мемлекеттің сан ғасырлар бойы жинаған беделі мен имиджін түсіру үшін бір ғана саяси институт пен зерттеу орталығының аңдаусызда айтыла салған статистикасы жеткілікті екенін естен шығармау керек. Білген адамға халықаралық ұйымдардың тек бір жылдың ішінде үш жарым мыңнан астам адам Отанын тастап, босып шығып, өзгенің есігінен пана сұрап жатыр деуі - оңай айып емес.

Босқын - кім?

Босқындар деп - қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұра алмай, шарасыздықтан өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар тобын атайды. Бұл БҰҰ-ның 1951 жылы қабылданған Босқындар туралы Конвенциясында берілген анықтама. Яғни  олар - өз еліндегі кедейшілік пен қудалаудан аман қалу үшін қашқандар. Қазақстанның саяси ахуалы тұрақты. Қазақ даласын ауған мен тәжікпен салыстыруға келмес. Саясаты шайқалған қырғыз да емес. Ендеше қазақ неге босады?

Елімізде ең алғашқы босқындар легі (дұрысы қашқындар) діни сипатта тіркелді. Сонау тоқсаныншы жылдары, нақты айтсақ, 1996 жылы Батыс Қазақстанда елдегі ресми ислам дінін шынайы дінге сәйкес келмейді деп танитын бірнеше отбасы пайда болған-тын. Өздерін «таза ислам» деп атайтын мұсылмандар қауымы мешітке баруды тоқтатып, намазды өзара бірігіп оқи бастаған. Уақыт өте қауымдастық мүшелері көбейіп, 15 жылдың ішінде 400-ге жуықтайды. Кейін бұл адамдардың қатары күрт артып, жұрт арасында күбір-сыбыр көбейе бастаған соң құқық қорғау органдары тексере бастайды. 1998 жылы осы қауымдастықтың 15 мүшесі (кейбір сарапшылар олардың еш негізсіз айыпталғанын айтады) тұтқындалып, қалғандары арнайы тіркеуге алынады. Кейін 14 адам әр түрлі айыптармен түрмеге жабылып, көбісі өте ұзақ мерзімге сотталды.

Осыдан соң аталмыш қауым мүшелері «мемлекет қуғындай бастады» деген желеумен 2006 және 2007 жылдары Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Алматы облыстарынан Чехияға қаша бастады. Деректерге сүйенсек, 2005-2006 жылдары Қазақстаннан 60 отбасы үдере көшіп, олардың барлығы дерлік Еуроодақ елдерінен саяси баспана сұраған болатын. Өздерін діни көзқарасы үшін қудаланғандар деп түсіндірген олар, Чех үкіметінен саяси баспана сұрады. Батыс Қазақстаннан келген алғашқы бірнеше мұсылман отбасы 2005 жылы саяси баспанаға оңай қол жеткізді. Бірақ Чехия билігі бұлардың елімізде қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы нақты айғақ-дәлелдер жоқ болғандықтан, бәріне бірдей босқын мәртебесін беруден бас тартты. Сөйтіп бірінші мұсылман қазақ-босқындары чех елінен күштеп шығарылып,  Алматыға әкелінді. Бұл уақытта Ақтөбе облысында терроризм айыбымен алты адам сотталған.

Бұның арты саяси шиеленіске ұласып, Чехияның босқындар лагерінде тұрып жатқан қазақтар 2006 - 2009 жылдары аралығында бірнеше рет митинг өткізді. «Чехиядан кез келген уақытта депортациялансақ, бізді Қазақстанда азаптау мен түрме күтіп тұр», - деп Халықаралық ұйымдарға шағымданып жатса, бір тобы Чехиядан өзге елдерге заңсыз өтуге әрекет жасады. Ақыры Халықаралық ұйымдар араласып, осыдан екі жыл бұрын босқындарға үш жылға уақытша саяси баспана берілгендігін білдіретін сары куәліктер берілді. «Сары паспорт» алғандар мемлекет қорғауына алынып, әлеуметтік жәрдемақыға ие болып, Еуроодақ ішінде еркін жүріп-тұрып, жұмысқа орналасуына да мүмкіндік туды.

Аталған қауымдастық мүшелерінің сыртқа қоныс аударуы әлі де жалғасып жатқаны туралы деректер бар. Бүгінгі таңда Еуропаның әр түкпірінде 300-ден астам діни-босқыны жүргенін айтады.

Мұндай топтың біразының Қырғызстанға да барып пана сұрағаны белгілі. Олар елден қашып, өздеріне басқа жерден баспана тауып беруді сұрап БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Бас комиссары басқармасының Бішкектегі кеңсесіне жүгінді. Олар да өздерінің діни көзқарасы үшін Қазақстанды тастап шығуға мәжбүр болғандықтарын айтып баспана сұрағанымен, өтініш-шағымдары әлі қаралып біткен жоқ. Кейбір белсенділері қырғыз елінде жүріп жұмбақ жағдайда қаза тапты.

Соңғы кездері Жаңаөзен оқиғасынан кейін де біраз адамның шет ел асқаны туралы мәліметтер айтылып жүр. Интернет басылымдарының бірінде аты-жөнін атамауды өтінген бір азаматтың сұхбаты жарияланды. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстаннан қашып кеткен ол, қазіргі таңда Қазақстанмен көршілес бір мемлекетте жүргенін, Еуропаға аттанып, саяси баспана сұрамақ ниеті барын айтады. «Маған Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыптар тағылып отыр. Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік департаментіндегілер маған қысым жасады. Сондықтан Еуропа жаққа қашуға мәжбүрмін», - дейді белгісіз босқын.

 

Қашқындар мен босқындар

«Бүгінде сырт елден саяси көзқарасым үшін қуғындалдым» деп баспана сұрайтындардың басым көпшілігін - соттан қашып, шет ел асқан алпауыттар, қаржы алаяқтары мен жемқор шенеуніктер құрап отырғаны белгілі. Бұлар өздерін «саяси қуғын-сүргін құрбаны» етіп көрсету арқылы өз елінің мемлекеттік институттарына қысым көрсетіп, халықаралық сахнада жағымды пікір қалыптастыруға ұмтылады. Бірі елдегі әлеуметтік теңдік, халықтың мүддесі жайлы сөз қозғайды. Осылайша, кейбірі күтпеген жерден кешегі жемқор - халық пен демократияның жанашырына айналып шыға келеді. Бірі - оппозиция серкесі, бірі - бүтіндей бір жүйеге сыймай елінен амалсыз қашып шығуға мәжбүр болған диссидент. Тағысын тағылар... Жалпы «шет елге қашу» туралы бастаманы Талапкер Иманбаев бастап берген деседі жұрт. Міндетті сақтандыру қорының басшысы болған ол сонау 1998 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген. Қазақтың  906 миллион 557 мың 840 теңгесін қалтасына басып, шет елге қашып кеткен. Қазір АҚШ-тың тұрғыны. Қазақша айтқанда «өкірген» бизнесмен. Қазақ үкіметі 2001 жылы оған 9 жыл түрмеге отыруға үкім шығарылғанымен ештеңе өнбеді. Бұрын қимылдап үлгерген Иманбаев өзін «саяси босқынмын» деп жариялап жіберіпті.

Кезінде оппозиция қатарында болған Есентай Байсақов та бүгінде «саяси босқындардың» қатарында. Байсақовқа бір кездері «адам өлтірді» деген айып тағылды. 2001 жылдың 18 маусымында Павлодар қаласында белгісіз біреулер атып кеткен Борис Костановты өлтіруге өзге емес, «осы Есентай Байсақовтың өзі  тапсырыс беріпті» деген әңгіме шықты. Осы әңгімеден кейін ол Украина асып кетті. Халықаралық конвенциялардың нормаларын еске ала отырып, украйн билігі Есентай Байсақовқа саяси босқын мәртебесін берді.

Саяси босқын атанған қазақтардың бірі - Әкежан Қажегелдин. 1994-97 жылдары Үкіметті басқарған ол Лондонда тұрып жатыр. Өте үлкен көлемде қаржы жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланды, заңсыз қару-жарақ сақтады, жемқорлыққа жол берді деген, тағы да басқа толып жатқан айыптар тағылып 1999 жылы халықаралық іздеу жарияланды.

Кейін бұлардың қатарын мүйізі қарағайдай үш тұлға - Рахат Әлиев пен Мұхтар Әбіләзов және Виктор Храпунов толықтырды. Қазір бірі - Австрияда, бірі - Англияда тұрып жатыр. Ал Храпунов Швейцарияның азаматы.

Сіз не дейсіз?

Амангелді АЙТАЛЫ, саясаттанушы:

- Біз керісінше, босқындарды қабылдаушы елміз. Кезінде талай ұлтты паналаттық. Елімізде жемқорлыққа қатысты адамдардың қашуы бар. Оны жасыра алмаймыз. Сондай-ақ, саяси көзқарасы үшін билікпен келіспеген адамдардың елден кетуі бар. Оларды қалай қарсы алатыны қабылдаушы елге байланысты. Егер ол ел Қазақстанды саяси жағынан тұрақсыз етіп, авторитарлы, тоталитарлы мемлекет етіп  көрсеткісі келсе, қашып барғандарға «босқын» деген мәртебе берілуі әбден мүмкін. Бірақ осындай жолмен саяси босқын деген мәртебе беріп жатқан елді мен естіген емеспін. Әйтсе де азаматтық бермегенімен сол елде тұруға рұқсат беріледі.

Бізден кеткен орыстардың бірқатары Ресейге барып, «босқын» мәртебесін алды. Бізді жамандау арқылы. «Қазақтар бізге қысым жасап жатыр, мемлекеттік тілді біл деп міндет қойып, құқымызды шектеді» деген желеумен. «Сол себепті қоныс аударуға мәжбүр болдық» деді. Ресей заңында «қайтып оралушылар» деген категория бар. Оның өзінде көшіп барғандарға «мәжбүрлікпен қоныс аударды» деген бап бойынша көмектеседі. Әсіресе - орыс болса.

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371