Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2956 1 пікір 24 Мамыр, 2021 сағат 16:04

Тұрғымбаев Өнер қайраткерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев абыз актер Асанәлі Әшімовты мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Алматы Академиясы шығармашылық ұжымдармен ынтымақтастыққа қол қойып, полиция мен театр арасы жақындай түсті. Театр қоғам айнасы.

Өткен сенбіде Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының ұжымы мен жоғары академиялық басшылықты даярлау факультетінің тыңдаушылары Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрына, Гогольдың атақты "Үйлену" комедиясына барып, көрермен қатарында болып қайтты. Бұл шараның құқық қорғау органдарының өкілдеріне берері көп екені сөзсіз. Академия басшылығы театр сахнасындағы саңлақ актерлердің өнерін тамашалап қоймай, академиялық театр мен ІІМ Алматы академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойып, алдағы уақытта өзара байланыстардың жалғаса беретініне сенім білдірді.

Меморандумға байланысты ұлы актер, "Атаманның ақыры" фильміндегі Шадияровтың рөлімен-ақ бүтіндей бір ұрпақты патриотизмге тәрбиелеген Асанәлі Әшімов ағамыз "Сонша жыл театрда істеп жүріп мынадай керемет бастаманы көрген жоқпын. Академия басшылығына рахмет" деп ағынан жарылып, ішкі істер қызметіне абырой тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Ал, көрерменге "Үйлену" қойылымы өте ұнады. Актерлардың шеберліктеріне тәнті болып, ұзақ уақыт қол шапалақтап, қошемет көрсетті. Қойылым соңында академия бастығы Айдар Сайтбеков ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан өнер тобына ықылас гүлін сыйлап, алғысын айтты. Сонымен қатар өткен мәдениет күніне орай театрдың бірнеше қызметкерлеріне алғыс хат пен сувенирлер табыс етті. Ең бастысы, спектакльге жиналған көрермен де рухани құндылыққа толы шығармашылыққа қанығып қайтты.

Актерлердiң шебер ойыны мен қызықты диалогтар комедияға өзiндiк нәр берiп, көрерменге жақсы көңiл-күй сыйлады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371