Жұма, 22 Қараша 2024
6369 3 пікір 27 Мамыр, 2021 сағат 11:55

Польша президенті: Ресей - есі ауысқан ел

Польша президенті Анджей Дуда Грузияға сапары кезінде Ресейге қатысты пікір білдірді. Дуда Грузияда сұхбат беріп, Ресейдің әрекеттерін "агрессивті" және "импершіл" деп атады.

"Ресейдің әрекеттері агрессивті, импершіл болып табылады. Олар адамдардың өмірін қиып, мемлекеттердің жойылуына әкелетін, әскери жағдайға негізделген саясат ұстанады. Бұл халықаралық қауымдастыққа қарсы әрекеттер болып табылады. Ресей - есі ауысқан ел", - деді Дуда.
Ол Ресейдің "қалыптан тыс мемлекет" екенін бірнеше рет қайталап, соңында: "Ресей - агрессор" деді.

Бұлай деуіне Ресейдің Қырымдағы, Шығыс Украинадағы әрекетін дәлелге келтірді. Сонымен қатар Беларусь елінің жолаушылар ұшағын тоқтатуына да Ресейдің тікелей қатысы бар болуы мүмкіндігін айтты.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318