Кенжебек Құдысұлы. ДАМУ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ақиқатпен (мейлі ол абсолютты немесе салыстырмалы мәндегі ақиқат болсын), объективті заңдылықтармен (мейлі ол табиғат заңдылықтары немсе қоғамдық заңдылықтар болсын, жалпыға ортақ заңдылықтар болсын, жекелеген заңдылықтар болсын), қағидалармен, ғылыммен, ғылымилықпен, түрлі білім-іліммен мазмұны байытылған теориялық негіздерге сүйенбеген (теориялық негіздері мықты қаланбаған, теориялық фундаменті жұқа) кез-келген бір қоғам - даму жолын таба алмай адасуға бейім тұрады. Сондықтан, бір ел (бір қоғам, тіпті бір кәсіп орын, жеке бір адам болсын) шынымен дамуда ма, жоқпа және болашақ болжамы қалай болады деген мәселеге баға беру үшін әуелі оның дамудағы сүйенген дұрыс (ғылыми) теориялық негіздемелеріне, сүйенген философиясына қарау керек.
Автор
Философиялық қарапайым білім - тұтас әлемді құраған дүние (материя)
Ақиқатпен (мейлі ол абсолютты немесе салыстырмалы мәндегі ақиқат болсын), объективті заңдылықтармен (мейлі ол табиғат заңдылықтары немсе қоғамдық заңдылықтар болсын, жалпыға ортақ заңдылықтар болсын, жекелеген заңдылықтар болсын), қағидалармен, ғылыммен, ғылымилықпен, түрлі білім-іліммен мазмұны байытылған теориялық негіздерге сүйенбеген (теориялық негіздері мықты қаланбаған, теориялық фундаменті жұқа) кез-келген бір қоғам - даму жолын таба алмай адасуға бейім тұрады. Сондықтан, бір ел (бір қоғам, тіпті бір кәсіп орын, жеке бір адам болсын) шынымен дамуда ма, жоқпа және болашақ болжамы қалай болады деген мәселеге баға беру үшін әуелі оның дамудағы сүйенген дұрыс (ғылыми) теориялық негіздемелеріне, сүйенген философиясына қарау керек.
Автор
Философиялық қарапайым білім - тұтас әлемді құраған дүние (материя)
Көне Грек философы Гераклит (Heraclitus)былай деген болатын: «People can not step twice into the same river.» яғни, «Адам өзеннің бір реткі ағысынан екі рет өте алмайды немесе адам ағын судан екі рет өте алмайды» деген түсінікті білдіреді. Оның мәнісі өзен суы тоқтаусыз ағып кетіп жатқандықтан, екінші рет өзеннен өткен кездегі өзеннің суы, алғашқы рет өткендегі өзеннің суы емес екендігін, алғашқы судың ағып кеткенін түсіндіру арқылы объективті заттар (материя, вещество) мен құбылыстардың өзен суы сияқты тоқтаусыз қозғалыста екендігін ұғындыруда.
Философия адамзатқа мынаны дәлелдеп бергенін, оның бүгінгі адамдар үшін қарапайым білімге айналғанын бәріміз де білетін болармыз: Әлем заттан құралады. Тұтас әлем - мәңгі қозғалыстағы заттар әлемі. Философиядағы "қозғалыс" бір дененің бір орыннан екінші бір орынға жылжуы сияқты қарапайым механикалық қозғалыстар ғана емес, барлық заттар мен құбылыстардың өзгерістері мен процесстерін (мысалы, адам органимінің өсіп-жетілу процесстері, танымның даму процессі, т.б.) де көрсетеді. Сондықтан заттардың қозғалыстары, өзгерістері мен процесстері заттарға (материяға) тән әуелден бар өзіндік қасиеті (мәні). Қозғалыс - заттардың өмір сүру, сақталу формасы болып табылады. Мысалы, былай қарасаң тау (мысалы, Алатау) біздің көзімізге бір орында қозғалмай, өзгермей тұрған сияқты көрінеді. Ғылым дүниедегі ең биік шың Эверест 500000 жыл аралығында 1600 метр биіктегенін анықтаған. Яғни, қоғалыста болмайтын зат жоқ, заттың бәрі қозғалады әрі мәңгі қозғалыста болады, қозғалыс абсолютты болады деген сөз.
Әрине қозғалыспен бірге тыныштық та бар. Бірақ, тыныштық салыстырмалы болады. Салыстырмалы тыныштық заттарқозғалысының ерекше бір түрлі формасы ғана. Тыныштық заттардың салыстырмалы тұрақтылын сақтауы мен айқын өзгеріс болмаған күйінде (состояние) болуы. Мысалы, адам өз үйінде тыныш жатқанымен жер шарының өз-өзін айналуымен қоса қозғалыста болады. Енді бір жағынан қарағанда адам тыныш жатқан сияқты болғанмен, адам организмінде тыныс алуы, жүрек соғуы т.б. тіршілік әрекеті тоқтаусыз жүріліп жатады. Яғни, адамда өсу немесе қартаю процессі жүріліп жатады. Сондықтан, әлемде абсолютты тыныштық жоқ, тек абсолютты қозғалыс ғана бар.
Адамзат, бүгінгі күнге дейін ғылымның жеткен өресіне негізделіп, төменнен жоғары деңгейге қарай даму тәртібі бойынша, заттарға тән барлық қозғалыстарды: 1) механикалық қозғалыс, 2) физикалық қозғалыс, 3) химиялық қозғалыс, 4) биологиялық қозғалыс және 5) қоғамдық әрекет (қозғалыс) деп бес негізгі қозғалыс түріне (формасына) жіктейді.
Қозғалыстың беталу бағыты
Өзеннің суы әрқашан ылдиға қарай ағады. Күн әрқашан шығыстан шығып батысқа қарай батады. Қыстан кейін міндетті түрде көктем, көктемнен кейін міндетті түрде жаз келеді. Заттардың қозғалысында белгілі бір тәртіп, белгілі бір бағыт болады. Қозғалыстар, өзгерістер мен поцесстердің негізгі бір беталған бағыты - даму, яғни даму процессі. Көрініп тұр, заттарда қозғалыс, өзгеріс болмаса даму да болмайды. Даму - қозғалыстар, өзгерістер мен процесстердің (белгілі бір кезеңдегі) туындысы. Бірақ, қозғалыстар, өзгерістер мен процесстердің бәрі бірдей даму болып есептеле бермейді, дамуға бастай бермейді, дамуға тән процесс бола бермейді. Даму бағытынан адасқан, даму жолынан айрылған (дамуға жатпайтын) қозғалыстар, өзгерістер мен процесстер міндетті түде біртіндеп кері кетуге (деградацияға), құрдымға кетуге, құрып-жойылуға бет алады. Кері кету басымдылыққа ие болады. Қарапайым бір мысал: бір адамның ішімдікке салынуы, наркаман болуы, ұрлық-қарлықпен айналысуы т.б. жағымсыз әрекеттері (қозғалысы) оның өсуіне, заттық және рухани мәдениет жағынан дамуына пайдалы деп кім айтады. Керісінше, сол адамның кері кетуге (шегінуге), азғындауы, құрдымға беталғандығы емеспе.
<!--pagebreak--><!--pagebreak-->
Түсінікті болу үшін былайша талдайық: Кезкелген бір заттың (мысалға: бір жануар, бір адам, бір отбасы, бір кәсіп орын, бір ұлт, бір мемлекеттің кез-келген біреуі делік) қозалысы (мысалы: тіршілік жасауы, өмір сүру әрекеті мен іс-шаралары), өзгерісі қандай бір бағытқа (дұрыс бағытқа немесе бұрыс бағытқа) беталуы, қандай бір нәтижеге (оң нәтиже немесе теріс нәтиже) жетуі мүмкін? бар болған мүмкіндіктер "үш түрі ғана" болады. Одан басқа ешқандай мүмкіндік болмайды. Болса айтарсыз әрі дәлелдерсіз. Ол үш мүмкіндік (үш түрлі бағыт) мыналар:
Бірі - даму (дамудың өзі ұзын-сонар процесс болғандықтан, дамуды даму процессі деп айтуға да болады), даму процессі.
Енді бірі - кері кету процессінің орын алуы (нисходящий, регресс), құрдымға бет алуы, біртіндеп жойылып кетуі.
үшіншісі - бір орында, бір қалыпта, тыныш, өзгермей тұру.
Әлемді құраған заттар - қозғалыста, өзгерісте болатындықтан, әрі олар абсолютты болғандықтан кез-келген бір заттың (мысалдары жоғарыда көрсетілді) бір орында, бір қалыпта, тыныш, қозғалмай, өзгермей тұруы мүмкін емес. Солай етеміз десекте, солай ете алмаймыз. Бұған адамзаттың шамасы жетпейді. Біз мәңгі 18 жаста немесе 25 жаста болып, ары қарай қартаймай, сол қалпымызда тұра алмаймыз, олай істеу қолымыздан келмейді. Себебі тіршілік дүниесінің заңдылығы солай, құдай солай жаратқан. Адам бәрі бір өспей, өзгермей, ары қарай қартаймай тұрмайды. Ай жер шарын айналып қозғалады. Жер шары өз-өзін айналады. Сонымен бір уақытта Күнді де айнала қозғалады. Олардың ешқайсысын ұстап тұра алмаймыз.
Ендеше, кез-келген заттың қозғалысынан, өзгерісінен күтетін екі түрлі ғана бағыт, нәтиже бар деген сөз: бірі - даму (даму процессі). Ені бірі - біртіндеп кері кету (нисходящий, регресс) яғни кері кету процессі, құрдымға бет алу. Бар болғаны осы екі-ақ түрлі мүмкіндік, екі-ақ түрлі бағыт немесе екі-ақ түрлі нәтиженің біреуі ғана басым болады. Біреуіне ғана тән белсенділік жоғары болады. Біреуі басым болады деген сөз екіншісі мүлдем болмайды дегенді білдірмейді. Маңыздысы белгілі бір уақыт ішінде қайсысының басым екендігін білуде. Ал адам үшін алып айтқанда, мейлі жеке адам немесе бір халық болсын, олардың өмір сүру үшін болған іс-әрекеті, тірлігі екі түрлі бағыттың, нәтиженің біреуіне көбірек қол жеткізуге мүмкіндік алады, белгілі уақыт ішінде тек біреуі ғана басым болады. Егер дұрыс жолды, даму жолын таба алса әрі сол жолмен жүрсе - даму басымдылыққа ие болады. Яғни, даму процессі басым орынға өтеді, адамдардың (халықтың) ілгері жылжу (жақсы жақтағы) белсенділігі артады. Ал дұрыс жолды, даму жолын таба алмаса қалай даму болады? Ал даму болмады деген сөз - сол уақыттың ішінде объекті біртіндеп кері кету, шегіну процессі, құрдымға бет алу басым орынға өтті, кері кету белсенділігі арта түсті деген сөз. Үйткені бір орында, бір қалыпта, тыныш, өзгермей тұру мүмкін емес. Себебі тыныштық салыстырмалы болады, бар сияқты болып көрінгенмен, шынтуайтын айтқанда тыныштық жоқ деген сөз. Сондықтан заттар қозғалысының заңдылығы бойынша айтқанда алдыға ілгерлемей, дамымай, артқа да шегінбей, кері кетпей бір орында табжылмай тұру мүмін емес. Жер бетіндегі тіршіліктер тарихында тұқымы құрып кеткен жануарлар көптеп кездеседі, "Қызыл кітап" қа кіргені қаншама. Тарихта күйреген империялар да бар. Ассимиляцияға түсіп жұтылып кеткен немесе тілін, ұлттық болмысын жоғалтқан майда ұлттар да тарихтан табылады. Бұлар соның бір дәлелі. Яғни, (олардың) қозғалыстары, өзгерістері мен процесстерінің ,біртіндеп кері кетуінің, құрдымға беталуының нәтижесі. Біреулер бұны былайша түсіндіруі мүмкін: олардың қарсы жағы, жауы күшті болғандықтан «құрып кетті», «күйреді», «жұтылып кетті» деп. Бірақ, ішкі-сыртқы себептердің қатар әсер еткен кезде ғана затта (объектіде) өзгеріс болтындығын, ішкі себептің әрқашан шешуші рол ойнайтынын, сыртқы себеп, сыртқы күш (маңызды рол атқарғанымен) екінші орында тұратынын естен шығаруға болмайды. Айтайын дегенім, заттардың қозғалысы, адамдардың әрекеті (тірлігі) бәрі даму процессі болып есептеле бермейді. Даму болмаған кезеңінде кері кетуге, тіпті өзінің жойылуына да алып келеді. Сондықтан, дами алу үшін дамудың жолын, дұрыс жолды, болашағы бар жолы іздеу, табу және сол жолмен жүру аса маңызды. Адам үнемі мен қайда бара жатырмын? Халық үнемі біз қайда бара жатырмыз? Деген сауалға жауап іздеу арқылы беталысын, бағытын дұрыстап отырады. Осы арқылы адасудың, кері кетудің алдын алып отырады. Адам (халық) үнемі дамудың дұрыс жолын анықтауға, өзінің өткен қателігін (бұрыс жолға, кері жолға түскенін) өзгертуге тырысып отырады. Бір сөзбен айтқанда, дамудың дұрыс жолын анықтау арқылы; даму арқылы; әрі тек дамуға тән ерекшелікті, заңдылықтарды игеру арқылы ғана біртінеп кеті кетудің, құрдымға беталуының алдын ала алады. Сондықтан дұрыс жолға, даму жолына, дамудың дұрыс жолына, дамудың заңдылықты жолына түсе алмаса, оның өзге жолда, бұрыс жолда, кері кетуге бастайтын жолда жүр деген сөз емеспе.
Адам алдыға да жүре алады, (артымен) артқа да шегіне алады. Бірақ, бір уақытта әрі алдыға әрі артқа шегініп жүре алмайды ғой. Екеуінің біреуін ғана істей аласың. Даму дегеніміз ұзын процесс. Уақыт есебі бойынша, процесс әр бір кезең, әр бір сәт, әр бір минуттан құралады. Мәлім бір затта (мысалы, бір адам, бір халық немесе бір ел дейік) бірде даму, енді бірде кері кету болғанмен, бір сәтте (бір уақыт, қысқа уақыт ішінде) даму мен кері кетудің тең дәрежеде қатар орын алуы мүмкінбе? Жауап - әрине мүмкін емес. Тек біреуі ғана басым болады. Бір уақытта әрі өлең жазып, әрі математикалық есеп те шығара алмайсың ғой. Тек біреуін тоқтатып, екінші біреуін істейсің. Сондықтан зат даму процессінде болған кезде, кері кету процессі өздігінен бәсеңдейді, тоқтауға бет алады. Ал даму процессі жоқтың қасы болса, онда кері кету процессі міндетті түрде басымдылыққа өтеді. Сондықтан, ұзынырақ уақыт ішінде екі түрлі поцесстің қатар орын алуы мүмкін болғанымен, бірақ, екеуінің шамасы, деңгейі, белсенділігі, жылдамдығы бірдей (тең) болмады. Тек біреуі ғана басым болады. Белгілі бір уақыт ішінде тек екі жолдың (даму мен кері кету) біреуімен көбірек жүре аласың. Адам бір уақытта екі жолмен қатар жүре алмайды.
Даму жолына да (даму процессіне де) жатпайтын, кері кету жолына да (кері кету процессіне де) жатпайтын үшінші қандай бір жол болу мүмкін? меніңше үшінші жолдың жоқ екендігіне көз жетеді. Ешқашан болмайды. Себебі, бұл дүниеде, әлемде абсолютты тыныштық жоқ. Жоғарыда да айтылды.
Ислам әлемдегі ең бейбіт сүйгіш, кемел, хақ діндердің бірі. Менің білуімше, ислам дінінде адамның бұл дүниедегі іс-әрекетінің дұрыс не бұрыстығына байланысты "сауап" және "күнә" екі түрлі ғана бағалау бар. "сауап"қа да "күнә"ға да жатпайтын үшінші бір бейтарап жағдай жоқ. Адам дүниеден өткеннен кейін, о дүниеде де "жаннат" пен "тозақ" екі түрлі орын бар. Жаннат та емес, тозақта емес, екеуіне де жатпайтын үшінші бір баратын орын жоқ. Қортындылап айтқанда әр адамның (немесе бір халықтың) іс әрекетінде, тірлігінде өзін алдыға ілгерлететін, дамуға бастайтын әрекет те; шегініске, кері кетуге де алып кететін әрекет (қылық) те болады. Дамуға да, кері кетуге де бастамайтын үшінші бір бағыттағы бейтарап іс-әрекет болмайды. Әрі белгілі бір уақыт ішінде екеуінің біреуі ғана (не даму, не кері кету) басым болады. Дамуы басым болса кері кетуі тоқтай бастады, ал дамуы жоқтың қасы болса біртіндеп кері кету, құрдымға бет алу басым орынға өтеді. Әдетте адам өзінің дағдыға айналған кемшіліктерін, өзі өлердей сенетін қате идеаларын бірден өзгерте алмайды. Мысалы, ұрлығы әдетке айналғанды, нәпсі құмарлықты, дүние құмарлықты, нашқорлықты т.б. бірден өзгерте алмайды. Осы уақыт ішіндегі оны өз жеке басының дамуы үшін дұрыс іс, пайдалы іс істеп жүр деп айта аламызба? Сондықтан, заттардың белгілі уақыт ішінде дамуы немесе біртіндеп кері кету процессінің біреуі ғана басым болады.
"Жаңбыр жауса жердің беті су болады, ылғалданады." бұл ақиқат. "Жұмыртқамен үлкендігі жұмыртқадай тасты бір-біріне ұрсаң жұмыртқа сынады." бұл да ақиқат. Ал енді "жаңбыр жауса жердің беті су болмайтын, ылғалданбайтын" екінші бір ақиқат бар ма? "Жұмыртқамен үлкендігі жұмыртқадай тасты бір-біріне ұрсаң тас сынып, жұмыртқа сынбайтын." екінші бір ақиқат барма? Сондықтан, әркім әр түрі айтқанмен ақиқат біреу ғана болады. Объективті заңдылықта солай біреу ғана. Ғылым да біреу, әлемде екі түрлі физика ғылымы, екі түрлі химия ғылымы жоқ. т.б. тұтас әлем халықтары сол бір түрлі физика ғылымын, бір түрлі химия ғылымын т.б. үйренуде, зерттеуде және қолдануда. Сондықтан ғылым да біреу ғана. Дін неше түрлі болғанымен құдай біреу ғана. Даму - ақиқатқа, заңдылыққа, ғылымға сүйенеді (негізделеді). Ендеше дамудың дұрыс жолы да біреу ғана болады. Сол жолды тауып, сол жолмен жүрсең дамисың, даму басым орында болады. Таппасаң, сол уақттарда адасасың, біртіндеп кері кетесің. Кері кету, құрдымға бет алу басым орынға өте бастайды. Дамудың дұрыс жолын табу дегеніміз - даму процессіне тән барлық ерекшеліктерді, заңлықтарды тану, дамудың ғылыми теориялық негіздерін қалау; тұтас әлемді құраған заттардың (материяның) қозғалыс, өзгеріс, даму заңдылығына сүйене отырып қоғамды дамытудың философиялық негізін табу деген сөз. Сол себепті де қандай қозғалыс (әрекет), қандай өзгеріс дұрыс жолға немесе бұрыс болға бастайтындығын тарихта халқымыздан шыққан Абай Құнанбаев және өзге де ағартушы, философтар өмірдің өз құбылыстарына (адамды, адамның іс-әрекетін, өмірге көзқарасын, құндылықтарын т.б. зерттеу арқылы) негізделіп көп ізденген. Бүгін де және бұдан кейінгі күнде де жалғасты іздену философтарымыздың, ғалымдарымыздың, мамандарымыздың және кез-келген оқыған немесе талантты азаматтарымыздың парызы болып қала беруге тиіс. Олай болса даму процессінде қандай ерекшелік, қандай заңдылық, қандай қағидалар және өзге де қатысты мазмұндар болуы мүмкін? Әрине ең алдымен даму дегеніміздің өзі не? Дамудың мәні (сущность развития) не? екендігін айта кету артық болмас деп ойлаймын.
Даму және дамудың мәні
Даму (Development) сөзі философиялық терминге жатады. Даму философияда заттардың дұрыс бағыттағы қозғалыстарын, өзгерістерін көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, "даму деп заттардың (заттар мен құбылыстардың/вещи и явления) кішкенеден үлейіп, қарапайымнан күрделеніп, төменнен жоғары деңгейге қарай өсуі, ескінің (ескі заттың) жойылып, оның орнына жаңаның (жаңа заттың) қабылдануындағы қозғалыстар мен өзгерістер процессін айтады." - қазіргі кездегі Қытай энциклопедиясынан, "Дамудың түпкілікті мәні (сущность развития) -ескінің (ескі заттың) кетіп, оның орнын жаңаның (жаңа заттың) иеленуі болып табылады." Бұны дамудағы сапа өзгерісі, дамудың революциялық түрі (формасы) деп те атайды. Әрине бұл менің жаңалығым емес. философияда әлде қашан анықталған, оқыған адамдардың көп сандысы білетін, қарапайым сауатқа айналған білім екені көбімізге түсінікті жайт. Мысалы, ертерек кездердегі ақ-қара теледидардың (Черно-белыйтелевизор) орнын бір кезде түрлі түсті теледидар иеледі. Ал оның орнын бүгінгі күнде сұйық кристаллды жұқа теледидарлар алмастырды. Жұқа теледидарлардың өзі функциялары кемелденіп (мысалы, 3D) жалғасты алдыға қарай дамып барады. Әзір ақ-қара түсті теледидарды базар, дүкендерден табалмайсыз. Міне, бір «теледидардың» даму жағдайын мысал ретінде алып айтсақ, дамудың шын мәні жаңару, көне заттың (ақ-қара теледидардың) кетіп, оның орнын жаңа заттың (түрлі түсті сұйық кристаллды жұқа телевизордың) иелеуі екенін, сапа өзгерісі екенін айқын көруге болады. Кезінде «философия» оқулығында осылай түсіндік. Бір қарасақ осы «дамудың нақты мәнін» түсініп алған сияқты болдық. Бірақ, өкінішке орай түсіне алған жоқпыз. Оған бір дәлел: жаңа туылған шикі жұмыртқаны қайнаған суға салсаң піседі. Ұзақ уақыт жылы жерге қойсаң бұзылып, шіриді. Жұмыртқаның сапасы өзгерді, сапа өзгерісі болды. Енді оны эмбрионның дамуы, балапанға айналуы деп айта ламаймыз ғой. Сондықтан, сапа өзгерісінің бәрі даму процессіне тән қозғалыс, өзгеріс бола бермейді. Ендеше, ең басты, өзекті, түпкілікті мәселе қандай бағыттағы өзгеріс даму процессіне жататындығын анықтауда болып тұр. Меніңше бұны тереңірек түсіну үшін пайда болған «жаңа заттың, мысалы сұйық кристаллды жұқа теледидар - физика ғылымы мен электрониканың даму жетістігі» ары жағында, тереңінде не тұрғанын білу керек. Түсінікті болу үшін былайша талдау жасайын:
Сұйық кірісталды жұқа теледидар ғылым-техника дамуының жетістігі екені айқын. Ғылым туралы түсінік пен ол жөніндегі тұжырымдама (концепция) бүгінгі күнге дейін әлі бір ізге түсе қоймаған сияқты. Әр ел, әр ғалым әр түрлі айтады. Мысалы: «Ғылым - объективті заттарға тән заңдылықты нақы бейнелеген жүйелі білім.»; «Ғылым тәбиғат, қоғам, ойлау процессіне (дүние тануға) саятын объективті заңдылықтарды тура бейнелеген сол ғылымның белгілі бір тарауы.»; «Ғылым нақты практика, тәжірибе негізінде ашылады. Практика мен тәжірибенің сынынан өтеді және логикалық дәледеулер арқылы расталады. Объективті дүниедегі әр түрлі заттардың (заттар мен құбылыстардың) мәні мен қозғалыс заңдылығы жөніндегі білім жүйесі.» т.б. түсінік неше түрлі болғанымен, олардың арасынан белгілі бір (заттар мен құбылыстардың мәні, заттардың қозғалыс заңдылығы, нақ бейнелеу сияқты) ортақтықтарды да байқауға болады. Яғни, ғылым дегеніміз объективті заттар мен құбылыстардың мәнін, қозғалыс заңдылығын ашу, нақты бейнелеу жөніндегі жүйелі білім екені байқалады. Олай болса, сұйық кристаллды жұқа теледидарды (бүгінгі күн үшін жаңа зат) адамзаттың объективті заттар мен құбылыстардың мәнін, қозғалыс заңдылығын ашу және сол заңдылықтардан пайдалана білудің нәтижесі екен деп білеміз. Бұл жердегі жаңа заттың (сұйық кристалды жұқа теледидардың) басты жаңалығы - оның сыртқы жұқалығында емес, ішкі элементтерінен құралған өзалдына тұйықталған жүйенің жұмыс жасау тәртібіндегі сүйенген (физикалық) заңдылықтарында жатыр. Ендеше, жаңа зат дегеніміз - заттардың қозғалыс заңдылықтарына сүйенген, заңдылықтар бойынша қозғалыс (адам үшін: әрекет) жасайтын жаңаша зат. Яғни, жаңа зат - заңдылықты қозалыс жасайтын зат. Екінші сөзбен айтқанда қазғалысында заңдылық болатын зат. Адам (бір ел не бір халық) үшін алғанда заттар қозғалысының заңдылығын ашу, оны нақты бейнелей білу, сол заңдылық бойынша (заңдылыққа сүйене отырып) іс жүргізу, жалпы адамзаттың бүгінгі күнге дейін ашқан заңдылықтарын да (тәбиғат, қоғам және адамның ойлау, дүние тануға байланысты заңдылықтар) игере білу, қолдана білу оның жаңа затқа айналуының (дамуының, дұрыс бағыттағы сапа өзгерісінің) алғы шарты болады. Адамның дүниені тануы барған сайын тереңдей беретіндіктен (ғылым мен философияда) бұрын беймәлім болған жаңа заңдылықтар да ашылып отырады. Сондықтан, бұрыннан белгілі бірнеше заңдылыққа сүйенуге шектеліп қалуға болмайды. Заңдылыққа сүйенбеу, бұрын ашылған белгілі заңдылықтарға сүйенгенмен, жаңадан ашылған заңдылықтарды (жаңа заңдылықтарды) игермеу ескіге, ескі затқа тән қасиет болады. Адам үшін (мысалы, бір ел, бір халық) үшін айтқанда дамудың мәні (сущность развития) - заңдылықтарды (жалпы заңдылықтар пен жекелеген заңдылықтарды да өз ішіне алады) ашу, игеру; өзгелердің (өзге ел, өзге халықтардың) ашқан заңдылықтарын да зерттеу, үйрену; заңдылықтарға құмет ету, заңдылыққа сүйену, заңдылықтар бойынша іс жүргізу болып табылады. Керісінше осылардың бірінде жасамайтын зат - ескірген, көне зат, ескі зат болып есептеледі. Сондықтан философияда түсініксіз немесе астарлап айтылатын дамудың мәні «көне заттың орнын жаңа заттың иелеуі» дегенді, объективті заңдылықтарға сүйенбей, ойына келгенін істейтін, теориялық негізі жоқ немесе теориялық негізі әлсіз, көзсіз әрекеттердің (көне затқа тән қасиет) орнына заңдылықтарға, белгілі теориялық негіздерге сүйенетін (ғылыми, жүйелі, саналы) дұрыс әрекеттердің орын алуы (алмасуы) деп түсіну керек.
Философия заттардың қозғалысында заңдылық болатынын растайды. Күннің бірде шығыстан шығып, бірде батыстан шыққанын көрдікпе? Көрген емеспіз. Күн әр қашан шығыстан шығып, батыстан батады. Бұл қозғалыста белгілі заңдылық болатындығының қарапайым бір дәлелі. Жоғарыда, даму - қозғалыстың бір бағыты, даму - қозғалыстың туындысы деп айтып өтілді. Олай болса дамуда да заңдылықтар болады, даму заңдылықтарға сүйенеді деген сөз емеспе. Сондықтан, бір елдің, қоғамның дамуы заңдылықтарға, қағидаларға, ақиқатқа, ғылымға сүйенеді. Әрі бұлар бір-бірімен органикалық байланыстағы, бір-бірінен бөліп тастауға келмейтін нәрселер.
<!--pagebreak--><!--pagebreak-->
Философиядағы даму ұғымында (концепциясында), даму дегеніміз «кішкенеден үлкею», «қарапайымнан күрделену», «төмен деңгейден жоғары деңгейге көтерілу», деген түсініктер меніңше даму процессінің белгілі бір кезеңіндегі нәтижесіне сырттай қарап сүреттеп айтылған. Сол сияқты дамудың мәні (сущность развития, естество) - «көне заттың орнын жаңа заттың басуы. Мысалы, ақ-қара теледидардың орнын сұйық кристалды жұқа теледидардың басуы» деген тұжырымдамаға қарасаң бәрі де дұрыс айтылған. бірақ, дамудағы нақты іс-әрекетіңе пайдалана алмайсың. Даму процессіне, даму ісіне жетекшілік рол атақара алмайды. Сол сияқты «аспан ашық көк түсті», «жапырақ жасыл түсті», «бір жыл төрт маусымға бөлінеді», «Су ылдиға қарай ағады», т.б. бәрі дұрыс айтылған. Бірақ, осы айтылғандардың адамдардың жеке өмірі немесе қоғамның дамуы үшін қандай мән-маңызы бар? Меніңше осы айтылғандардың пәлендей бір тікелей мән-маңызы жоқ. Бірақ, олар дұрыс айтылған. Байқауға болады дұрыс айтылған нәрсенің бәрі мәнді, маңызды бола бермейді. Дұрыс айтылған нәрсенің бәрі адамның іс-әрекетіне, дамуына идеалық жетекшілік ете бермейді. Сондықтан, айтайын дегенім бүгінгі күнде кейбір елдерде ғылым, философия қаншалықты дамыса да біз үшін шайнап қойған дайын тамақ жоқ. Неміс өзінің машина жасау, жапон өзінің электроникалық бұйымдар жасаудағы техникалық құпиялығын біздің алдымызға әкеп жайып тастамайтыны айқын. Жарайды, техникалық құпиялар патенттелген дейік. Бірақ, техникадан басқа жетістіктерінің (мысалы, ғылым, философия саласындағы) сырын өзгелерге жасырмай бәрін жайып сала береді дегенге өз басым сене бермеймін. Сондықтан, бәрін де (техниканы да, ғылымды және философияны да) өзің зерттейсің, табасың. Үйрену, зерттеу арқылы жеткен жетістігіңді өзіңнің (өз еліңнің) дамуың үшін пайдаланасың. Меніңше басқасынан да ең маңыздысы осы. Даму бүгінгі күнде әлем елдері аса мән беріп отырған ең өзекті мәселе екені белгілі. Бұл енді бір жағынан дамудың оңай нәрсе (іс) емес екендігін, біршама күрделі екендігін де ұғындырады. Мен бір елдің немесе бір қоғамның дамуы үшін не істеу керек, қалай даму керек екендігі жөнінде айқын, дұрыс бір жолды көрсетіп берем немесе даму процессінің сырын ашамын деген ойдан аулақпын. Бірақ, даму үшін дамуды, даму жолын, даму процессінің өзіндік ерекшелігін, дамуға тән заңдылықтарды іздену, зерттеу керек екендігін айтқым келеді. Өз елінің, өз халқының дамуына бей-жай қарамайтын азаматтарды осыған көңіл бөлуге шақырғым келеді. Мақаланың жалғасы (негізгі бөлімі) бар.
Автордан:
1. Мақала тек арнаулы мамандарға ғана емсе, жалпы азаматтарға түсінікті болу үшін қарапаым тілмен, қарапайым мысалдар келтіре отырып түсіндіруге тырыстым.
2. Пікір білдіруші құрметті оқырман қауым!
Орынды пікір білдіру кез-келген автор үшін өте қажет. Құптарлық жайт. Бірақ, еш негізсіз идеялық «аутоиммундық реакция», «аутоиммундық ауру» сипатындағы пікірде болмауларыңызды өтінемін.
«Абай-ақпарат»