Ресей бір айдың ішінде доллардан бас тартады
Ресейдің ұлттық әл-ауқат қоры доллардан бас тартады. Сөйтіп, елдегі ұлттық әл-ауқат қорының құрылымында еуро, юань, фунт пен иен қалады. Бұл туралы ТАСС мәлімдеді.
Ресейдің қаржы министрі Антон Силуановтың айтуынша, бір ай ішінде Ресей Ұлттық әл-ауқат қоры құрылымындағы американдық доллардан толық бас тартып, британдық фунттың үлесін төмендетеді. Қорда еуро мен юаньнның үлесі өседі, алтын пайда болады және жапондық иеннің үлесі өзгермейді.
- «Біз, Орталық банк сияқты, ҰҚҚ (ФНБ) доллар активтерінің инвестицияларын қысқарту туралы шешім қабылдадық. Бүгінгі таңда құрылым бойынша бізде ҰҚ-ның 35% -ы долларға салынған. Біз долларлық активтерден толық шығу туралы шешім қабылдадық, инвестицияларды доллармен алмастыру - еуроның ұлғаюы мен алтынның өсуіне ықпал етеді», - деді Силуанов.
Оның айтуынша, ҰҚҚ жаңа құрылымына көшу бір ай ішінде жүзеге асады. «Бұл істі жүзеге асыруға бір ай жеткілікті», - деді Силуанов.
Яғни, алдағы уақытта қор құрылымндағы доллар - 0%, еуро - 40%, юань - 30%, алтын - 20%, фунт пен иен - 5% болмақ. Ал, қазір ҰҚҚ құрылымында доллар мен еуроның үлесі әрқайсысы 35%, юань - 15%, фунт стерлинг - 10%, иена - 5% құрайды.
Abai.kz