Сенбі, 23 Қараша 2024
5458 0 пікір 4 Маусым, 2021 сағат 16:34

Протасевичтің «мойындау» видеосы жарияланды

NEXTA телеграм арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич Беларуссияның мемлекеттік ONT телеарнасының басшысы, бұрынғы әскери адам және Лукашенко әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Марат Марковқа сұхбат берді.

Протасевич ресми түрде КГБ тергеу изоляторында қамауда, адвокатпен кездесуге рұқсат берілмейді және оның ісінің егжей-тегжейі айтылмайды. Ал, сұхбаттың қашан түсірілгені белгісіз.

Ол камера алдында қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерді ұйымдастырған және дайындаған кінәсін «мойындайтынын» айтты (Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 342-бабы).

Протасевичке қатысты сот ісі әлі басталған жоқ. Сонымен бірге, билікке байланысты ресурстар оперативті түсірілім атын жамылып, Протасевичпен бірге видео жариялады.

Бастапқыда Протасевич сұхбат беруге өз еркімен келіскенін, өзін жақсы сезінетінін, аздап суық болғанын айтады. NEXTA-ның бұрынғы бас редакторы өзін сұхбатқа алдын ала дайындамағанын да тілге тиек етті.

Алайда, Протасевич бетін қолымен ұстаған сәтте білегінде жаралар бар екені көрінеді.

Оның қамауға алынғаннан кейін зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы айтылмайды.

Оппозиционер Ryanair рейсінің қонуына байланысты оқиғада Светлана Тихановскаяның штаб қызметкері Даниил Богдановичтен күдіктенетінін айтты. Протасевичтің айтуынша, олардың соңғы кездегі қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен. Ал, Протасевич штабтан шығарылғысы келіпті.

Протасевич Беларуссия оппозициясын да сынға алды. Атап айтқанда, ол видеода литвалық салық төлеушілер Светлана Тихановскаяны «қолдайды» деп мәлімдеді. Ішінара оған жеке демеушілер де, диаспоралар да көмектесетінін айтқан. Жазбада ол поляк билігі Варшавадағы Белоруссия үйіне шамамен 50 миллион злотый (миллиард рубль) бөлген деп болжайды.

Сонымен қатар, Протасевич Лукашенко туралы айтты:

«Мен Александр Григорьевичті қатты сынағанымды жасырмаймын. Менің ойымша, бұған себептер болды, бірақ мен өмір бойы журналист болдым. Мен журналистік жұмысқа емес, саяси жұмысқа көбірек араласа бастаған кезде, Александр Григорьевичті сынаған көптеген жайттардың шындыққа жанаспайтынын түсіне бастадым. Мен негізсіз сөйлегенім үшін кешірім сұраймын»,- деді ол.

Марков Лукашенконы құрметтейтіндігін сұрағанда, Роман: «Әрине», - деп жауап берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364