Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
3660 5 пікір 4 Маусым, 2021 сағат 15:35

"СК-Фармация": 179 миллион теңге сыйақы

"СК-Фармация" өз қызметкерлеріне биыл 179 миллион теңгеге сыйақы береді. Компанияның басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевтің айтуынша, оларды ұйымның қызметкерлері ғана алады. Директорлар кеңесінің мүшелері үшін сыйақы жүйесі қарастырылмаған.

Сондайа-ақ, өткен жылы компания шығындарды оңтайландыруды бастап, нәтижесінде 239 миллион теңгені үнемдеуге қол жеткізген.

"Байланыс қызметтеріне шығындар азайтылды. Біз  жөндеу жұмыстарына, сот ісіне және анықтамалық қызметтерге кеткен шығындарды толығымен алып тастадық. Үй-жайды жалға алу үшін біз оның құнын 7000-нан 5990 теңгеге дейін төмендеттік - бұл, негізінен нарықтық баға", - деп толықтырды компания басшысы.

Компания басшысы ай сайын қолына алатын айлығының мөлшері миллион теңгеге жетпейтінін де атап өтті.

Abai.kz

5 пікір