Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4646 21 пікір 7 Маусым, 2021 сағат 14:34

«Петропавл атауын өзгертуді бір адам шешпейді»

Петропавл қаласының атын өзгерту күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Астана ТВ» телеарнасына берген сұхбатында айтыпты. 

Сұхбат барысында қаладағы құрылыс, инвестициялық жобалар жөнінде айтқан Ақсақалов, облыс орталығының атауы өзгертіле ме, деген сауалға жанама жауап беріпті.

- Бұл мәселе әлі күн тәртібінде тұрған жоқ, Тек әр жерде талқыланып жатқан тақырып. Мен көпшіліктің ұстанымын қолдаймын. Көшенің атын өзгертуді бір адам шешпейді, оны қоғам шешеді,- депт Ақсақалов.

Ал, 2018 жылы Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы тағы да пікір білдіріп, оған әлі ерте деген.

- Мен Петропавл мен облыстың атын өзгерту туралы әңгімелерді жиі естимін. Бірақ бүгінгі таңда қала атауын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Менің ойымша, оған әлі ерте,- деген.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ:

Қазақстанның кейбір қалаларының атаулары бір адамның шешімімен де өзгертілетінін айта кеткен жөн. Ал Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл атауына келгенде бұл мәселе әртүрлі әкімшілік процедуралық кедергілерге тап келіп, аяқсыз қалып келеді.

Анығында, Петропавл атауын «Қызылжар» деп өзгерту туралы мәселе қоғамда ұзақ жылдардан бері талқы болып келеді. Қоғам қайраткерлері, депутаттар мен қоғам белсенділері қала атауын өзгерту туралы ұсыныс-талаптарын айтқанымен, жоғарғы билік үнсіздік танытып келеді.

Аталған мәселеге қатысты Abai.kz ақпараттық порталында әр жылдары ондаған мақала жарияланған екен. Солардың бірсыпырасы, мінекей:

Петропавл қаласына ежелгі «Қызылжар» атауын қайтару туралы мәселеге қозғау салуын сұрады

"Петропавл", "Павлодар" Конституциясының талабына қайшы атау

1925 жылы Петропавлды «Қызыл-Жар» деп атау туралы шешім қабылданған

Петропавл қашан Қызылжар болады?

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371