Божко жаңа қызметке тағайындалды
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болды.
Божко мырза бұл қызметке 2021 жылдың 1 маусымынан бастап кіріскен.
Владимир Божко В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген.
1973-1975 жылдары Алматы электротехникалық зауытының слесарь-сантехнигі, инженері, аға шебері.
1975-1976 жылдары Минск қаласы КСРО МҚК жоғары курстарының тыңдаушысы.
1976-1989 жылдары ҚазКСР МҚК-ның жедел өкілі, аға жедел өкілі, 2-ші басқармасы бөлімшесінің бастығы, инспекция инспекторы, 3-ші басқармасы бөлімінің бастығы.
1989-1991 жылдары МҚК Целиноград облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
1991-1993 жылдары Көкшетау облысы МҚК-ҚР ҰҚК басқармасының бастығы.
1993-1994 жылдары МҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы.
1994-1997 жылдары ҚР ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа, контрабандаға және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бас басқармасының бастығы.
1997-1999 жылдары ҚР ҰҚК 2-ші департаменті бастығының бірінші орынбасары, бастығы
1999-2001 жылдары тау-кен фирмасының вице-президенті, оның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры.
2001-2007 жылдары ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.
2007 жылғы қыркүйек-қараша аралығында ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.
2007-2014 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрі болды.
Abai.kz