Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3377 0 пікір 14 Мамыр, 2012 сағат 12:52

«Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын»

voxpopuli.kz сайтында сайттың  Америкадағы оқырмандарының бірі Арсен Туғанның американдық отбасы асырап алған қазақ балалары туралы фоторепортажы жарық көріпті. Бізде фоторепортаждың бірнеше суреттерін беріп отырмыз.

Жоғарыда аталған сайттың жазуынша, американдық отбасының қазақ балаларын асырап алуы тұжырып айтқанда былай болған екен: Өз кіндігінен бала сүюді маңдайларына жазбаған отбасы бала асырап алуды ойлайды. Алайда, Америкада бала асырап алуға болмайды екен. Содан  тоқсаныншы жылдары соңында Алматыға іссапармен келген американдық отбасы бұл елде бала асырап алуға болатынын біліп, дереу құжаттарын жинайды. Сөйтіп, 1998 жылы Көкшетауда жаңа босанған әйел баласынан бас тартып жатқанын естіп, жолға шығады. Осылайша, шетелдік жанұя ұлты қазақ ұл баланы бауырына басады.

Ал, Қазақстандық орыс қызын асырап алу үшін бір ай бойы балалар үйіне келіп, балаға бой үйретіп келіп, кетіп жүрген екен. Қазақстандық екі баланың қазіргі анасы қызын алар кездегі жетімдер үйін былайша еске алады: «Көптеген балалар бір манежде жататын: «Ол өте сабырлы және жыламайды» деп қызым туралы балалар үйінің қызметкерлері айтты. «Оның жыламаған себебі ол жылай-жылай шаршаған және оның жылағанына ешкім көңіл бөлмейтін болған» - дейді Кристина.

Қазір бірі - 13, екіншісі - 12 жасар екі жеткіншек американдық отбасында өсіп келеді.

Жатжерде өсіп жатқан қазақ баласы «Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын!  Мектептегі достарымның барлығына әрқашан Қазақстан туралы айтамын! Болашақта саясаткерлікке оқып, Қазақстанға оралғым келеді. Елге барып Парламентке депутат болып, қазақстандық демократияны жақсартқым келеді», дейді.

Ал, біз елдің Ата заңында: «Мемлекеттің басты байлығы - адам және оның өмірі» деп анық жазылған...

Суреттер - voxpopuli.kz сайтынан алынды

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5493