Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
3174 2 пікір 18 Маусым, 2021 сағат 12:11

2 трлн теңгені термиттер жеген бе?

Әлеуметтік желілерде Ұлттық банк қорындағы 2 трлн теңгені термиттер жеп қойған деген хабарлама жаппай тарауда. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды дейді құзырлы органдар. 

StopFake ақпаратты тексеру порталы таралған жаңалықтың жалған екенін мәлімдеді. Аталмыш ақпаратты қалжың негізінде контент жасайтын qazinform24 парақшасы Инстаграм оқырмандары үшін жасағаны анықталды. Парақша сарказм тұрғысынан мақала жазып, тек көңіл көтеру негізінде құрылғаны белгілі болды. Ол туралы парақшаның анықтама бөлімінде жазылған. Парақшада жарияланған әзіл ақпараттарды халықтың шын қабылдап тұрғаны бірінші рет емес. Бұған дейін парақорлықты заңдастыру, Әміржан Қосановтың Қаскелең әкімі болуы үшін сайлауға түсу сынды әзілдерін ел халқы шынайы қабылдаған болатын.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1716
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4477
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3476