Есеп комитеті: 2009-2011 жылдардағы «Нұрлы көш» бағдарламасы тиімсіз іске асырылып жатыр
Бағдарламаның орындалуы іс жүзінде фрагментарлық спипат алып отыр. Оның шараларын іске асыру барысында тиісті мониторинг және ведомствоаралық өзара іс-қимыл ұйымдастырылмаған. 21 іс-шараның 9-ы орындалып, 3-уі орындалмаған, 9 іс-шара ішінара, кешіктіріліп және сапасыз орындалған.
2009-2011 жылдары Бағдарлама шеңберінде 2567 этникалық иммигранттардың отбасына тұрғын үй берілді. Бұл ретте ішкі мигранттар Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылмаған.
Қоныс аударып келушілерді үй-жайлармен қамтамасыз ету өзектi мәселе болып қалып отыр. Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға салынған 3223 пәтердің 622 пәтеріне ел қоныстанбаған. Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында 138 екі пәтерлік тұрғын үй төменгі сапамен салынған. Бос тұрған құны 51,6 млн.теңгелік 18 пәтер тұруға жарамсыз, жөндеу жұмыстарын қажет етеді.Солтүстік Қазақстан облысында құны 42,0 млн.теңгеден астам соманы құрайтын бір пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмай қалған.

Маңғыстау облысының Құрық ауылында берілген үйлердің 22-сі уақытша схема бойынша ақылы тасымалды суды пайдалануда. Бұл ретте, Құрық және Батыр кенттеріне жақын орналасқан бос аумақтарда 2010-2011 жылдары жалпы сомасы 566,0 млн. теңгеден асатын шақырымдық электр тарату желілері салынып, шақырымдық газ құбыры тартылған. Бірқатар облыстарда жалпы құны 1700,0 млн. теңгеден астам сома болатын инженерлік инфрақұрылымның магистральді және сыртқы жүйелері құрылысы жергілікті бюджеттер есебінен емес, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен салынды.
Салынған тұрғын-үйлердің өз бағытты орнына пайдаланылмай отырғандығы фактілері анықталды. Мәселен, Ақмола облысында заңды және жеке тұлғаларға құны 100,0 млн. теңгеден асатын 34 пәтер жалға берілген, Маңғыстау облысында Бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын-үйлер әкiмшiлiк мұқтаждықтар үшін тапсырылған.
Бағдарламада ұсынылған тұрғын үйді жинақтау жүйесі арқылы үй сатып алу тетігі тиімсіз болып қалды. Бағдарламаның қатысушыларының еңбекке араласу дәрежесінің төмендігінен олардың «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен жасасқан 1760 шартының 1553-і бүгінде 1222,7 млн.теңге қарызымен проблемалық мәселе болып табылып отыр. Осыған байланысты Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылу мәселесі шешілмейді.
Тұрғын үй құрылысының бірыңғай типтік жобасының болмауы оның құнының әртүрлі болуына әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасымен белгіленген тұрғын үйдің құрылысының 1 шаршы метрі құнының артуы салдарынан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында тұрғын үй құрылысына Бағдарламаны іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен 175,7 млн. теңге қосымша қаражат жұмсалды.
Есеп комитеті Үкіметке Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының толық көлемде орындалмаған іс-шараларын іске қосу, сондай-ақ бағдарлама шеңберiнде салынған бос тұрған үй-жайларды үлестiрiлулерi мәселелерін қарауды ұсынды.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдеріне Бағдарламаға қатысушылардың тарапынан құрылыс салымдарының төменгі қажетті көлемін оларды жұмысқа орналастыру жолымен жинақтау жөніндегі қажетті шараларды қолға алу тапсырылды.
Маңғыстау және Ақмола облыстарының әкімдеріне заңды және жеке тұлғалар негізсіз тұрып жатқан Бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйлерді босатуға қажетті шараларды қолға алу тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып мақсатты трансферттер көлемін қалыптастыру кезінде Маңғыстау облысын қаржыландыру көлемін 566,4 теңгеге азайту тапсырылды.
Есеп комитеті ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беруге тиісті жоғарғы қаржылық бақылау органы болып табылады. Ол сыртқы бақылауды жүзеге асырады және республикалық бюджеттің атқарылуын, орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды іске асыруын бағалайды. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген мемлекеттік қаржылық ресурстардың атқарылуын бақылайды. Мемлекеттің гранттары мен активтерін, мемлекет кепілдендірген қарыздарды пайдалану тиімділігін талдайды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі