Ресей Қазақстанның қант өндірісін өлтіріп жатыр
Қазақстанның қант зауыттары ресейлік бәсекелестерінің кесірінен өз жұмысын тоқатудың аз-ақ алдында. Өйткені, осы уақытқа дейін еліміздің қант нарығының 60%-ға жуығын орыстар мен беларустар жаулап алған.
Осыған қатысты Мерке мен Тараз қант зауыттарының бақылау кеңесінің төрағасы Нұржан Қайырбаев:
«Біз ЕАЭО біртұтас экономикалық аймағында жұмыс істегендіктен біздің нарықтағы көршілеріміздегі бағаның ауытқуы біздің нарыққа да әсер етеді. Биылғы жылғы қант-шикізаты мен ақ қанттың өте қымбаттап кеткені, әлемдік баға өсуіндегі үрдіс», - деп өз түсіндірген.
Елімізде отандастарымыздың қажеттілігін қантпен қамтамасыз етіп отырған 4 зауыт бар. Дәл қазір Ақсу мен Мерке зауыттары өз жұмыстарын тоқтатты. Ал, қалған екеуінің ішінде, айына 25 мың тонна шығаратын Тараз қант зауыты бар болғаны айына 15-17 мың тонна өнім өндіруге көшкен.
Бұл жайында БАҚ өкілдеріне Нұржан Қайырбаев:
«4 қазақстындық зауыт 75 ресейлік және 4 белорустық зауыттармен бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Нарық ортақ болғандықтан оны орыс пен беларустар өндірген қант жаулап алды. Жамбыл облысында қант қызылшасы аз өсіріледі, сондықтан барлық өнімді өндеу үшін Мерке зауыты бар-жоғы 75 күнін істейді», - дейді.
Қазақ қант зауыттары үшін қол жетімді шикізат алуға ЕАЭО ішінде тосқауыл қойылған. Одан шығудың жалғыз жолы – жуық арада қант қызылшасын өсіретін фермелерді ынталандыру. Әйтпесе, ресей команиялары қазақ қант өндірісін бесігінде тұншықтырады. Қол жетімді шикізатсыз біз өз нарығымызды қорғап қала алмаймыз.
Қалыптасқан жағдай аса ауыр, сондықтан отандық өнімді тұтынушы ретінде бұдан былай біздің билік қазақстандықтарды өз қантымызбен қамтамасыз етуге ынта тантытар деген ойдамыз.
Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, дәл қазір Қазақстанда қант тапшылығы жоқ. Алайда импортқа тәуелділік еселеп артқан. Бұл туралы Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринмен кездесуде қант тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі, қант өндіруші зауыттар қауымдастығының өкілдері мәлімдеген.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz