Жердің салмағынан ауыр зат бар ма?
Мәлике: Жердің салмағынан ауыр зат бар ма?
Әбілда: Бар. Ол – кәлима-шаһадат. Заманында Әзірет Әліден асқан күшті болмапты. Қуаты бойына сыймай: «Жердің тұтқасы болса, көтеріп алып, айналдырып ойнар едім», – дейді екен. Бір күні жердің тұтқасын іздеп жолға шықты. Алдынан бір қария кездесті. Ол: – Әли, балам, түйіншегім түсіп кетті. Соны алып берші. Мен еңкейсем тұра алмаймын, тұрсам еңкейе алмаймын, – деді. Әли аттан қарғып түсті. Түйіншек дегені алақандай зат екен. Бір саусағымен іліп алмақшы болып еді, сұқ саусағы майысып, ауырып кетті. Білекпен көтермек болып еді, түйіншек қозғалмады. Екі қолымен көтеріп еді, тізеден жерге кіріп кетті.
Сол кезде Қария: – Балам-ау, сені де күш көп деп жұрт мақтайды-ау. Бірақ, торғайдың тұрқындай түйіншікті көтере алмадың. Сен жердің тұтқасын іздеп табарсың. Бәлкім көтерерсің, бірақ жерден де ауыр зат бар. Ол – кәлима-шаһадат, – депті де түйіншікті таяғымен іліп алып, жөніне кетіпті.
Әлиге кездескен қария Қызыр ата екен деседі. Ал түйіншікте жапырақтай қағазға жазылған кәлима-шаһадат екен.
Дереккөз: Mazhab.kz
Abai.kz