Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
10964 6 пікір 28 Маусым, 2021 сағат 16:03

Матвиенко Қазақстанның аумақтық тұтастығын сөз етті

Ресей Кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко Нұр-Сұлтан қаласына келген сапарында Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты мәлімдеме жасады.

«Біздің елдеріміз арасында 400-ден астам келісімдер мен келісімшарттар бар. Бұл екі ел Парламенттері қатысқан, мығым құқықтық база. Бұл құжаттардың басым бөлігі өзара аумақтық тұтастықты мойындау, тәуелсіздікті құрметтеу және екі елдің бір-бірінің ішкі саясатына араласпау тұрғысында. Қалыптасқан саяси жағдай қандай болмасын өзгермейтін қағида», — деді ол.

Матвиенко пандемиялық жағдайға байланысты ресми сапармен ұзақ уақыт Мәскеуден шықпаған еді. Ресей Кеңесінің басшысы Нығматулин және Әшімбаевпен кездесті.

Abai.kz

 

6 пікір