Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2177 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 12:49

Agent ақындары

Әлеуметтiк желiлерде "Агент ақындары" деген ұғым қалыптасты. Олар - елдегi интернет тұтынушының 30 пайызы (ресми дерек) қолданатын Mail.ru-дың Agent қосымшасына өлеңдерiн жариялайтын ақындар. "Agent ақындары" туралы пiкiр әртүрлi. Өлеңдi баспадан шығаруды жақтайтын ақындар шығарманы "өңделмеген күйi" ұсынуды "әдебиетке қиянат" десе, кейбiр ақындар "мықты ақын интернетте де мықты" дейдi.

- Қазiргi кезең - Agent ақындарының дәуренi. Күн сайын өндiрте жазып жүр. Бiрақ кiтапқа емес, Agent-ке. Көп ақындарды Agent танымал етiп жүргенiн де жасырмаймыз, - деп жазады блогшы Олжас Қасым.

Ол "танымал Agent ақындары" деп Ақберен Елгезек, Ерлан Жүнiс, Бауыржан Қарағызұлы, "шымқалалық Дәурен", Жанғазы сияқты ақындарды атайды.

Танакөз Толқынқызы өлеңдерiн "Мой мир" желi­сiндегi микроблогына шығарып отырады. Ол "сиясы кеппеген" өлеңдерiнiң ал­ғаш­қы сыншысы да "агент­те­гiлер" екенiн айтады. Ақын­ның "Мой мир" желiсiнде 259 досы бар.

- Сынды сирек естимiн. Адамдар өлеңнен алған әсерiн, эмоциясын айтады. Интернетте әртүрлi адам бар. Поэзиядан сауаты бары, поэзияға қатысы жоқтары бар, жай әуесқойлар да болуы мүмкiн. "Керемет", "әдемi" деген пiкiр­лердiң бәрiне сене бермей­мiн. Өз iшiмде де бiр сыншы отыр, - дейдi ол.

Танакөз Толқынқызының сөзiне қарағанда, кiтапқа шыққан өлеңдерi мен Agent-тегi туындыларының арасында айырмашылығы жоқ. "Өңдеу процесi ешқашан тоқтамайтынын" айтқан ақын Agent-тегi өлеңдерiнiң кiтапқа да 90 пайызы өзгермей басылатынын айтады. Ол "Agent ақындары оқырмандар талғамын төмендетедi" деген пiкiрге қатысты:

- Әркiм әрқалай ойлайды. Менiң де сондай пi­кiрмен өмiр сүрген кезiм болды. Қазiр осы форманы таңдадым. Мәңгi жалғаса бермес, бiр уақытта тоқтар. Бiрақ менi қуантатыны - адамның творчестволық процесте болуы. Творчес­тводан қалып жатқан қаншама әрiптесiм бар. Ақынның жазып жатқаны, жа­рия­лап жатқаны - қуаныш, - деп жауап бердi.

Ал ақын Бақыт Беделхан өңделмеген, "он екi мүшесi сау емес, кемтар өлеңдердi" оқырманға ұсынуға қарсы. Ол:

- Қанша сәттi поэзия болсын, айналып соққан кезде, белгiлi бiр сүзгiден өткеннен кейiн барып аяғын түзейдi. Сақа ақындардың өздерi сондай. Agent-тi қарасаң, "түнде шыққан өлең", "жаңа жазылған өлең" деп тұрады. "Танылсам болды" деген ниетпен өлең жариялай беруге қарсымын, - дейдi.

Бiрақ интернет мүмкiн­дiгiн мойындаған ақын "Сүзгiден өткен өлеңдердiң антологиясын жариялауға болады" дейдi. Оның ойынша, "Сүзгiден өтпеген өлеңдер оқырманның әдебиетке ықыласын суытуы мүм­кiн".

Ал Бейбiт Сарыбай "мық­ты ақын - интернетте де мықты" дейдi.

- Кейбiр адам газет қарамауы мүмкiн, кейбiрi кiтап оқымайды. Agent арқылы ақындар өлеңiн оқуы мүмкiн ғой. Бұл - мойындалған ақындар үшiн өлеңiн көпке жеткiзудiң құралы, - дейдi ақын Бейбiт Сарыбай.

Ақындарды "интернет­сiз өмiр сүретiн" және "интер­нет­сiз өмiр сүре алмайтын" деп екiге бөлген Жарас Сәрсек "соңғы топтың дәу­ренi жүрiп жатқанын" айтады.

- Бұл екi бағыт бiр-бiрiн толықтырып отыруы тиiс. Бiрақ, менiң ойымша, ақындар кiтап шығара алу үшiн үкiмет қаржы бөлуi тиiс. Мысалы, ауылдарда интернет жоқ, мүлде жоқ деуге болады. Ауыл оқырмандары қазiр жазылып жат­қан шығармаларды қалай оқиды? Сондықтан кiтап мәселесiн қай кезде болмасын бiрiншi орынға қою керек. Билiк осыны көбiрек ойлауы тиiс, - дейдi Жарас Сәрсек.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504