Жұма, 22 Қараша 2024
7157 6 пікір 29 Маусым, 2021 сағат 16:43

Тәжікстан Ресейге нота жолдады

Тәжікстан елшілігі Ресейдің сыртқы істер министрлігіне 21 жастағы Амиршо Хусейновтің скинхедтермен төбелестен соң ұсталуына байланысты наразылық нотасын жолдады. Хусейновтің туыстары оны жәбірленуші деп санайды, алайды Ресей билігі тәжік азаматын бұзақылық жасады деп айыптаған. Бұл туралы centralasian.org-ке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

Тәжікстанның Ресейдегі елшісі Имомуддин Сатторидің 29 маусымда Озоди радиосына хабарлауынша, елшілік жолдаған нотада Ресей билігінен оқиғаны әділ тексеруін сұраған.

Куәгерлердің айтуынша, 23 маусымда кешке скинхедтер Толбухин көшесінде "Ресей орыстар үшін, Мәскеу мәскеуліктер үшін!" деп ұрандатып, басқа ұлт өкілдерінің намысына тиген. Скинхедтермен дағыстантандықтар мен тәжік азаматы төбелескен. Полиция бірнеше адамды ұстаған, олардың арасында Амиршо Хусейнов те бар.

Тәжік елшісінің хабарлауынша, елшілік Хусейновті қорғайтын адвокат жалдаған. Елшілік өкілдері Ресейдің тергеу комитеті қызметкерлерімен кездесіп, оқиғаның мән-жайын сұрастырған. "Қамаудағы тәжік азаматына көмек көрсетіледі", деді Саттори.

РЕН ТВ телеарнасының хабарлауынша, төбелесте жараланған бірнеше ұлтшыл ауруханаға түскен.

Танымал адам құқықтарын қорғаушы Валентина Чупик полиция скинхедтерді босатып жібергенін, ал ұлтшылдыққа қарсы шыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды деп жазды.

Хабарларға қарағанда, Тәжікстан азаматы Амиршо Хусейнов қазір Мәскеудегі тергеу изоляторында отыр.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328