Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
4777 3 пікір 29 Маусым, 2021 сағат 17:11

Вакцина алған студент жеңілдіктерге ие болады

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша қазақстандық университеттер студенттер арасында вакцинациялауды қолдайтын акцияларды бастайды. Бұл туралы БжҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

COVID-19-қа қарсы вакцинацияланған студенттер университеттердің мүмкіндігіне байланысты оқу ақысына, жатақханаға орналасуға және түрлі сыйлықтарға жеңілдіктер алады. Студенттер ғана емес, жоғары оқу орындарының вакцинацияланған оқытушылары да материалдық ынталандыруға ие болады.

Сондай-ақ, вакциналанған студенттер үшін университеттерде шет тілдерін оқыту, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша ақысыз курстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, кейбір университеттердің студенттері фитнес бөлмелеріне, бассейндерге, театрларға, кинотеатрлар мен концерттерге билеттерді ақысыз ала алады.

Abai.kz

 

3 пікір