Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
5301 6 пікір 30 Маусым, 2021 сағат 19:39

Жемқорлық символі: LRT құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан қаласында атышулы LRT құрылысы қайта жанданды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов ресми түрде мәлімдеді. 

"Қазір құрылыс маусымына байланысты жұмыстар қайта жанданды. Шарт бұрынғы, олар келісімшарттарда белгіленген. Бізде қытайлық та, жергілікті де серіктестер бар. Шарт міндеттемелеріне сәйкес жұмыстар жүріп жатыр.

Жұмыс белсенді жүріп жатыр деп айта алмаймын. Белсенді жұмыс қаржының түскеніне қарай жалғасады. Қазір конкурстық рәсімдер, банктерді таңдау жүріп жатыр. Қаржыландыру көзін анықтағаннан кейін жұмысты белсенді түрде бастаймыз", - деді Көлгінов онлайн брифинг барысында.

Құрылыста жалғастыру және жобаны аяқтау жұмыстарына қосымша 1 млрд доллар көлемінде қаржы қажеттігі айтылуда. LRT құрылысы 2018 жылы кенжелеп, артынша мүлде тоқтап қалды. Сот ісі әлі күнге дейін жалғасуда, ал жобаға тікелей қатысы бар деген азаматтар іздеуде.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963