Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Билік 4626 5 пікір 30 Маусым, 2021 сағат 19:44

Президент: Швейцария бізге көп қаржы құйды

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел астанасында швейцариялық инвесторлармен кездесті. Швейцария Конфедерациясы Қазақстанның Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін кездесу барысында президент айта кетті. 

"Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар достық пен өзара сенімге негізделген. Бүгінгі кездесуді Швейцария Президенті Ги Пармеланмен бейне байланыс арқылы өткен жуырдағы келіссөздің конструктивті жалғасы ретінде қарастырамын. Біз сауда байланыстарымызды, инвестициялық ынтымақтастығымызды нығайту үшін жұмыс істеуге, аталған салалар бойынша жетістікке қол жеткізуге уағдаластық. Қазақстан Тәуелсіздігін алған уақыттан бері Швейцария экономикамызға 30 миллиард долларға жуық инвестиция салды. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы, тіпті, былтырғы дағдарыс кезінде 1,7 миллиард доллар болды", – деді Президент.

Кездесу барысында Stadler Rail AG компаниясының президенті, Қазақстан мен Швейцария іскерлік кеңесінің тең төрағасы Петер Шпулер, Glencore International AG компаниясының бас директоры Айван Глазенберг, Roche Holding концернінің басқарма төрағасы Кристоф Франц, Credit Suisse Switzerland инвестициялық бөлімшесінің басшысы Йенс Хаас, ABB Switzerland компаниясының бас директоры Роберт Ичнер, KS Genetics компаниясының президенті Филиппо Ломбарди, INOKS Capital компаниясының бас атқарушы директоры Набиль Абдул-Массих және Rey Group компаниясының президенті Кристиан Рей сөз сөйледі.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965