Шығу құны 47.5 млрд еуро
Еуропалық Одақ Ұлыбритания қауымдастықтан шығу үшін шамамен 47,5 миллиард еуро төлеуі керек деп есептейді.
Бұл туралы бейсенбі күні ирландиялық RTE телеарнасы ЕО-ның 2020 жылға арналған шоғырландырылған бюджеті туралы алдын-ала есепке сілтеме жасай отырып хабарлады.
Brexitтің нәтижесінде Еуропалық Одаққа белгілі бір соманы төлеу бойынша Ұлыбританияның міндеттемелері соңғы келісімнің бірқатар баптарында қамтылған. Төлеуге жататын соманы есептеу механизмі бойынша ымыраға 2017 жылдың желтоқсанында қол жеткізілді. Британия билігі бұл соманы 35-39 миллиард фунт стерлингке бағалады (сол кездегі 50 миллиард доллардан сәл аз).
Телеарна 6,8 миллиард еуро көлеміндегі алғашқы траншты Лондон келесі жылы ЕО-ға жібереді деп мәлімдеді. Барлық төлемдер бірнеше онжылдықтарға бөлінеді. Ұлыбритания Еуропалық Одақтан ресми түрде 2021 жылдың 1 қаңтарында шыққан еді.
Abai.kz