Ауыт Мұқибек. Қазақ көшi осымен тоқтаса, Кәрiм Мәсiмов екiншi Голощекин атанады
«Тенгриньюс» агенттiгiнiң 23 сәуiрдегi таратқан "Үкiмет оралмандарға арналған квотаны белгiлi мерзiмге дейiн тоқтатты... Үкiметтiң 2011 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен 2011-14 жылдары жыл сайын 10 мың отбасыға квота бөлiнетiн болған. Бiрақ үкiмет бұл қаулыны белгiлi бiр уақытқа дейiн қайтарып алды" деген хабары атамекенге жете алмай, алыста тарыдай шашырап, зарығып жүрген қандастарымыздың төбесiнен жай түсiрдi.
Соңғы бес-алты жылдың көлемiнде қазақ көшiнiң қарқыны тым баяулап қалғаны баршаға аян. Тiптi тоқтап қалды десек те артық айтқандық емес. Басқаны қойғанда, өткен жылы осы бөлiнген квотаның 36 пайызы ғана игерiлгенi - соның айғағы.
«Тенгриньюс» агенттiгiнiң 23 сәуiрдегi таратқан "Үкiмет оралмандарға арналған квотаны белгiлi мерзiмге дейiн тоқтатты... Үкiметтiң 2011 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен 2011-14 жылдары жыл сайын 10 мың отбасыға квота бөлiнетiн болған. Бiрақ үкiмет бұл қаулыны белгiлi бiр уақытқа дейiн қайтарып алды" деген хабары атамекенге жете алмай, алыста тарыдай шашырап, зарығып жүрген қандастарымыздың төбесiнен жай түсiрдi.
Соңғы бес-алты жылдың көлемiнде қазақ көшiнiң қарқыны тым баяулап қалғаны баршаға аян. Тiптi тоқтап қалды десек те артық айтқандық емес. Басқаны қойғанда, өткен жылы осы бөлiнген квотаның 36 пайызы ғана игерiлгенi - соның айғағы.
Қазiр өз қандастарын Отанына шақырып отырған үш елдiң бiрi Қазақстан екенi, әрине шындық. Соның арқасында бiр милионға таяу қазақ елiмiзге көшiп келiп қоныстанды. Бастапқыда оларға тiптi баспана да, квота да, жер де берiлдi. Бiрақ бес миллион қара көздiң жәудiреп әлi де шет жерде жүргенiн ескерсек, бұл аса мақтана қоятын шаруа емес. Оның үстiне бұл бiр миллион елiмiз тәуелсiздiгiн жариялаған сәттен бастап, 2000 жылға дейiн негiзiнен келiп болған. Ол кездегi Қазақстанның жағдайын қазiргi "Жұмыссыздық деңгейi 7-ден 5,4 пайызға дейiн төмендеген, халықтың әл-ауқатының жаһандық рейтингiнде әлемдегi алғашқы 50 мемлекеттiң қатарына енген, жан басына шаққандағы IЖӨ көлемi 10 мың доллардан астамды құрайтын, ал 2015 жылға қарай 15 мың долларға жетудi жоспарлап отырған, бүгiнде осы көрсеткiш бойынша, басқа көршiлерiмiздi айтпағанның өзiнде, Украинадан 2 еседен астамға асып түскен, Шығыс Еуропаның бiрқатар елдерiнiң алдында тұрған" (Н.Назарбаевтың сөзi) Қазақстанмен мүлде салыстыруға келмейдi. Осындай орасан зор дамушылық кезiнде Кәрiм Мәсiмов үкiметiнiң қандастарымызға арналған тиын-тебендi қысқартуы ақылға сыймайды. Бiр қарағанда жиырма жыл аз уақыт емес. Басқаны қойғанда Қазақ көшiне арнап бiр бағдарлама жасауға әбден жететiн мезгiл. Көшi-қонға арналып арнайы жасалған "Нұрлы-көш" бағдарламасына қандастарымыздың артқан үмiтi зор-ақ едi. Үш жыл өтпей жатып одан да ши шықты. «Есеп комитетiнiң төрағасы Омархан Өксiкбаев келтiрген деректерiне қарағанда, бағдарламаның орындалуы iс жүзiнде фрагментарлық сипат алып отыр. Оның аясындағы шараларын iске асыру барысында тиiстi мониторинг және ведомствоаралық өзара iс-қимыл ұйымдастырылмаған. 21 iс-шараның 9-ы орындалып, 3-еуi орындалмаған, 9 iс-шара iшiнара, кешiктiрiлiп және сапасыз атқарылған. Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында 138 екi пәтерлiк тұрғын үй төменгi сапамен салынған. Бос тұрған құны 51,6 млн. теңгелiк 18 пәтер тұруға жарамсыз, жөндеу жұмыстарын қажет етедi. Солтүстiк Қазақстан облысында құны 42,0 млн. теңгеден астам соманы құрайтын бiр пәтерлiк 10 тұрғын үйдiң құрылысы аяқталмай қалған. Маңғыстау облысының Құрық ауылында берiлген үйлердiң 22-сi уақытша кесте бойынша ақылы тасымалды суды пайдалануда. Бұдан бөлек, салынған тұрғын үйлердiң өз бағытты орнына пайдаланылмай отырғандығы фактiлерi анықталған. Мәселен, Ақмола облысында заңды және жеке тұлғаларға құны 100,0 млн. теңгеден асатын 34 пәтер жалға берiлген, Маңғыстау облысында бағдарлама шеңберiнде салынған тұрғын үйлер әкiмшiлiк мұқтаждықтар үшiн тапсырылған. Еңбекке араласу дәрежесiнiң төмендiгiнен оралмандар "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ-мен жасасқан 1760 шартының 1553-i бүгiнде 1222,7 млн.теңге қарызымен проблемалық мәселеге айналды" дейдi 18 мамыр күнгi мәлiметiнде ҚазАқпарат.
Бұл түйткiлдер сол "Нұрлы көш" бағдарламасы атқарылысмен-ақ БАҚ-та жазыла бастаған.
Атқарушы органдардың осындай орны толмас кемшiлiктерi бола тұра, билiк бәрiн жылы жауып тастауға, естiмеске, көрмеске тырысты. Араздықты осындай әдiлетсiздiктер тудырады. Оған алыстан арып-ашып келген қандастарымыздың қынжылғаны, орынсыз жұмсалған қаржыға қамыққаны, пiкiр айтқаны, дабыл қаққаны шын. Билiк басындағы қазақ тiлiне шорқақ, ұлттық санадан мақұрым, мемлекеттiк мүддеден гөрi өздерiнiң құлқынын көбiрек көздейтiн, қазақтың үлес санының артуын қаламайтын белгiлi топқа бұл "айғай-шу" таптырмас орай болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Бiздiң елiмiз - жас, жерiмiз - ұлан-ғайыр, халқымыздың саны болса - көп емес. Сондықтан елбасы ретiнде елiмнiң болашағын ойлап алаңдаймын" деген сөзiне пысқырып та қарамастан, қайта шеттен келген қазақтарды елбасыға тойымсыз, ашқарақ, арызқой, дау-дамайы көп тобыр ретiнде көрсетуге, жағымсыз жағынан жарнамалауға тырысып бақты. Тiптi Жаңаөзен оқиғасын да осы бейкүнә ағайындарға жапқысы келдi. В.Путин "заңсыз иммигранттардың жолын кесетiнiн, келесi жылдан бастап Ресейде жұмыс iстегiсi келетiн шетелдiктерге орыс тiлi мен әдебиетi және тарихынан сынақ тапсыртатынын" айтып жатса, бiздiң үкiмет қазақ көшiн қаңтарып қойып, кезiнде тарихи отандарына көшiп кеткен, қазақ тiлiнен жұрдай өзге ұлт өкiлдерiн елiмiзге шақырып әлекке түстi. "Қазақстан", "Хабар" арналары мен "Егемен Қазақстан" гәзетi өз отанына, ұлтына опа қылмай, мұнда көшiп келген сол қауымды жерден жетi қоян тапқандай қуанып, жер-көкке сыйғызбай мақтап, жалпақ жұртқа жария етiп жатыр.
Биыл өткен ғасырдағы қолдан жасалған аштықтың 80 жылдығын еске түсiруге, шынайы бағасын беруге елбасы тапсырма бердi.
Күнделiктi баспасөз сол нәубеттiң астарын ашып, кiнәлi адамдардың, оның iшiнде Сталин мен Голощекиннiң атын ерекше атап жатыр. Жұрт оларға жаппай лағынет айтуда.
Қазақ - саны жағынан әлемде аса көп емес ұлт. Тәуелсiздiк алғанына небәрi жиырма жыл. Соған дейiн оның көрмеген азабы жоқ, тағдырдың талай тарғалаңына түстi. Өткен ғасырда халқымыздың төрт миллионы жойылып кеттi. Қысқасы, "мың өлiп, мың тiрiлдiк". Қолымыз азаттыққа жеттi дегенiмiзбен, ұлтымыздың үштен бiр бөлiгi әлi де шет жайлап, қиыр қонып шегара сыртында жүр. Олардың жағдайы күн санап қиындап барады. Бұрын қыл үстiнде тұр деушi едiк, ендi одан да ары ауып бара жатқан сыңайлы. Демек, өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы сол қасiрет, ащы да болса айтайын, ендi шеттегi бес миллион қазақтың басына төнiп келедi. Аштықтан емес, әрине, ұлттық болмысынан айырылып, өзге жұртқа жұтылып бар жатқандығынан. Осы бетi кете беретiн болса, Құдай оның бетiн ары қылсын, ендi 20-30 жылда, Мұхтар Шахановтың тiлiмен айтсақ, сол қазақтардың тек "мордасы" ғана қалады. Одан кейiн оны әкелдiң не, әкелмедiң не - бәрi бос сөз.
Бiрақ тарих ондайды кешiрмейдi. Күндердiң күнiнде, қазiргiдей сексен жыл емес, мөлшермен бiр 40-50 жылдың айналасында ол қазақтардың да бүгiнгiдей iздеушiсi, жоқтаушысы шығып, себеп-салдарын анықтайды. Сол кезде бас күнәһар болып кешендi бағдарлама жасамаған, квотасын тоқтатып, жолын кескен осы Қазақстан үкiметi шыға келедi сопаң етiп. Аштықтан қырылды не, тiлiнен, дiнiнен, дiлiнен ажырап басқа бiр дүбәраға айналды не-бәрi бiр емес пе?!
Қазақ көшiн тоқтату, кейiнге сыру - ұлтқа жасалған қиянат, Отанға жасаған опасыздық!
Тәуелсiз мемлекетi, оның ұшан-теңiз байлығы мен ұлан-байтақ жерi бола тұрып, айдың-күннiң аманында жалпы қазақтың жартысына жуығынан осылайша тiрiдей айырылған сол үкiметтiң басшысы мына жүрген Кәрiм Қажымханұлы Мәсiмов әкаңыз екiншi Филипп Исаевич Голощекин аталады. "Мен аз жасаған жоқпын, соның iшiнде бiр байқағаным, түйгенiм, көрiп-бiлгенiм, өз ұлтына қарсы шыққандардың көгергенiн көрген емеспiн. Бәрi де азаппен, ит қорлықта өлдi. Өздерi ғана емес, ұрпақтары да азып-тозып, иттен қадiрсiз боп қаңғып кеттi..." деген болатын Рахманқұл Бердiбай марқұм. Дәл соның аяғын құшады. Келесi ұрпақтың санасы барлары тiрi болса, өзiне, өлсе, моласына қарғыс айтады.
***
Көшi-қонға арналып арнайы жасалған "Нұрлы-көш" бағдарламасы үш жыл ғана өмiр сүрiп, жұмысын тоқтатты. Ендi оның көшiп келген халықты әбiгерге салған былық-шылығы шығып жатыр. Оған бола өз ағайындарымызды кiнәламайық. Егер шынымен де қандастарымызды көшiрiп алуға Қазақстанда қаржы жетпесе, онда басқаша бiр әдiс-амал ойлап табуға болады. Алысқа бармай-ақ, өзiмiздi теңестiрiп айта беретiн Израйль мен Германияның тәсiлiне жүгiнсек, жетiп жатыр. Елiмiзге қайта көшiп келiп жатқан еврейлер мен немiстер қанша жамандағанымен, бұл екi мемлекет көшi-қон саясатын баяғыда-ақ кемелдендiрiп алған. Қадiрiн бiлмей, үйлесе алмай жүрген "сәбеттiк" тәрбие етiнен өтiп, сүйегiне сiңiп кеткен Қазақстаннан кеткен қуаяқтардың өзi. Әлемдi алақанында ұстап отырған еврейлер мен немiстер өз қандастарына жағдай жасамады, қырын қарады дегенге кiм сенедi.
Негiзi бұл екi ел де көшi-қонды "Ұлттық қор" арқылы қаржыландырады. Соған сай заң-түзiмдерiн, қоныстандыру бағдарламаларын тас-түйiн етiп жасаған. Еврей ұлты үшiн қасиеттi саналатын "Зион тауға қайту" идеясын теориялық тұрғыдан ең алғаш жан-жақтылы дәлелдеп, негiздеп берген Германиялық философ, еврейлердiң ең алғашқы көшбасшылары Мосес Хесс (1812-1875) және кәдiмгi Карл Маркс болатын. Ұлт қамын ойлаған еврей оқығандары мен өзiнiң жеке байлығын ұлттық мемлекет құруға арнаған кәсiпкерлерiнiң әлденеше ұрпағы Израиль мемлекетiн қалыптастыру жолында бiр ғасырға жуық осы Қорға қаржы құйып келедi. Соның арқасында еврейлер жоқтан бар етiп, мемлекет құрып шықты.
Демек, қазiр бiздiң елiмiзге де осындай "Қор" ауадай қажет болып тұр. Оны «ит қуды, қоян қашты» дегізбей, президенттік «Қор» етіп құрған жөн. Ал қаржылық жағына келсек, жақында "Forbes Kazakhstan" журналы Қазақстандағы ең бай адамдарды анықтап, "Дәулеттi Қазақстан" деген атпен олардың тiзiмiн жариялады. Әзiрге жалпы саны елу адамды құрайды. Қалталылардың қатарында ел бiлетiн тұлғалармен қатар, бұрын-соңды көлеңкеде қалып келген жаңа есiмдер де бар екен. Әрине, бұл кiсiлерге ақша аспаннан жауған жоқ. Алтайдан Атырауға дейiнгi жерiмiздiң ен байлығының арқасында құралған. Мемлекетіміз олардың осылай еркін баюына даңғыл жол ашып берді. Өздерiнiң iскерлiктерiн де ешкiм жоққа шығара қоймас. Тағы бiр айта кететiнi, бұлардың көбi - осы топырақта туып-өскен өз тумаларымыз. Ендi солардың әрбiрiнiң қаржысының 0.001 пайызын ғана шотқа салып көрелiк: ең бай адамдардың басында тұрған Владимир Ким, Алиджан Ибрагимов, Рашид Сәрсенов - үшеуiнен 820 миллион доллар түседi екен. Бiр Болат Өтемұратовтың өзiнен 1 млн 600 мың, Динара Құлыбаева мен Тимур Құлыбаевтiкiн қоса есептегенде 2 516 000 доллар болады. Ал қалған 44 кiсiден түсетiн қаржы 11 млн 606 мың долларды құрайды. Осының бәрiн қосқанда, 835 млн 722 мың АҚШ доллары болмақ. Мұны мөлшермен әр отбасына 10 мың доллардан деп есептесеңiз, 83 572 шаңырақты көшiрiп алуға кемел жетедi. Демек, Қазақстанның жылына 20 мың отбасына деп ажырататын ақшасынан 4-5 есеге таяу көп қаражат бұл.
Қайталап айтайын, бұл сома тек ауқатты деп аты аталған елу-ақ адамның байлығының небәрi 0.001 пайызы ғана. Ендi оған апарып аты аталмаған сан мыңдаған орта дәулеттiлердiкiн қосыңыз. Байлығын шетел банктерiне жасырып отырғандар мен бой тасалап, қашып жүргендер атсалысса қайтпек?! Жетпiс жетi атамызда көрмеген "көп түкiрсе, көл боладының" көкесiн сонда көремiз!
Қалай дегенмен де, өзiн нағыз қазақ, Қазақстан азаматы санайтын әрбiр азамат өз ұлтына қол ұшын беруден, қысылған кезiнде мемлекетiне көмектесуден, табысының мыңнан бiр пайызын арнаудан қашпаса керек!
Бұл "Қорды" құрып, Солтүстiк облыстардағы бос тұрған ауылдарға алыс-жақын шетелдерден көшiп келген ағайындарды бес жылға дейiн ешқайда көшпейтiн шартпен қоныстандыратын етiп, кемелдi бағдарлама жасауға президент жарлық шығарса, ұлтына, мемлекетiне жаны ашитын бiр азаматты басшы етiп қойса, қазақ көшi қандай қарқын алар едi, шiркiн! Бұл үшiн ұлтқа деген дұрыс ниет, шынайы жанашырлық керек.
Бiз - атам заманнан берi көшпендi халықпыз. Шеттегі қандастарымыздың тағдыры Қазақ елінің осы ғасырдағы қасіретіне айналып отыр. Көшпендiлер үшiн Көш өркениет саналады. Ол елдiң еңсесiн көтередi. Барша қауымды береке-бiрлiкке, бауырмалдыққа шақырады. Тәуелсiз ел болғанымызда кешегi бодан кезiмiздегiдей, бiр атаның екi баласы бiр-бiрiне қосыла алмай, екi елде зарығып, телмеңдеп, көрiнгенге көзтүрткi болып жүремiз бе? Онда тәуелсiздiктi не үшiн алдық!
Бұл әншейiн айта салған бос әңгiме емес, iстеймiн десе, бұл Қазақстанға қиын да шаруа емес. Жалпы, Алаш жұртын аттанысқа келтiрiп, тым құрығанда осындай бiр жолмен жүрiп көргенiмiз жөн емес пе?
«Абай-ақпарат»