Бейсенбі, 8 Қазан 2026
4284 4 пікір 13 Шілде, 2021 сағат 16:50

Еліміздегі ауасы ең лас қалалар

"Қазгидромет" РМК 6-12 шілде аралығында атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық есеп ұсынды. Сонымен еліміздегі ең лас қала мен көше келесідей.

Ақпаратқа сәйкес, Жезқазған ең ластанған қала болып танылды. Қаланың ауасы ең зиянды аудандарда М.Жалил көшесі, 4 В мекенінде, мұнда рұқсат етілген шекті нормалар асудың 432 жағдайы тіркелген.

Нұр-Сұлтан қаласындағы  ең ластанған ауа Түркістан көшесі, 2/1 және Республикалық физика-математика мектебінің жанында екенін анықталды. Қалыпты жағдайдан асып кетудің көрсеткіші бойынша 419 жағдай тіркелді.

Алматы қаласындағы Алатау ауданында, "Алматы Арена" мұз сарайында және Момышұлы көшесінде рұқсат етілген шекті нормадан асып кетудің 274 фактісі тіркелген.

Оңтүстік астанадан кейін Қарағанды қаласы тұр.Ал бесінші орынды ауа ластануының шектік нормасынан асып кеткен 34 жағдай тркелген Ақтөбе қаласы иемденіпті.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 882
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1178