Жұма, 15 Мамыр 2026
3593 1 пікір 13 Шілде, 2021 сағат 18:15

Түркия циркте аңдарды қолдануға тыйым салды

Түркия парламенті жануарлар туралы заң жобасын мақұлдады. Жаңа заңға сәйкес енді жануарларды циркте және басқа жерлерде, оның ішінде дельфинариумдарда өнер көрсету мақсатында қолдануға тыйым салады.

Сондай-ақ, мысықтар мен иттерді үй жануарлары дүкендерінде сатуға тыйым салынды. Енді сіз питомниктерден интернет арқылы өзіңізге ұнағанын таңдап, үй жануарларын сатып ала аласыз. Мысықтар мен иттердің иелерінен үй жануарларына арналған сандық куәлік талап етіледі.

Жануарларды тастап кетсе, сандық куәлік арқылы иесі тез табылып, жазаға тартылуы мүмкін. Сондықтан жаңа заң жануарлардың құқығын толық қорғауға арналған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2745
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1863