Джеки Чан Қытай коммунистік партиясына кіретінін мәлімдеді
Әлемге әйгілі Гонконг киноактері Джеки Чан Қытай коммунистік партиясына кіруге ниетті екенін айтты. Бұл туралы Global Times басылымы хабарлады.
Джеки Чан бұл ниетін Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл ьолуына байланысты жариялады. «Мен ҚКП-ның ұлылығын көремін және ол 100 жыл ішінде емес, бірнеше онжылдықта ғана не айтты – соны жасады», - деді Джеки Чан.
Джеки Чан ұзақ уақыттан бері жаһандық демократияға қарсы болып, оккупациялық Гонконг полициясына қолдау көрсетіп келеді. Ол соғыстағы жеңістің ҚКП басшылығымен болғандығына назар аударады, ал іс жүзінде бұл Қытай Республикасы мен сол кездегі Гоминдан партиясы үшін жеңіс болды.
Керімсал Жұбатқанов
Abai.kz