Сенбі, 23 Қараша 2024
4452 4 пікір 14 Шілде, 2021 сағат 12:52

Лукашенко Ресей губернаторы ма?

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті. Кездесу Санкт-Петербург қаласында өтті. Екі ел басшылары бірқатар мәселелерді, оның ішінде халықаралық жағдайды да талқылады. 

Лукашенко кездесуде былай деді: "Біз шыдаймыз ғой, бірақ қазір сіз бен біз аңғарып отырғанымыздай, ең бастысы мемлекеттеріміздің қауіпсіздігі. Бұған барынша назар аударуға тиіспіз. Олар біз жайлы не айтса да, біз уақытында қорғаныс пен қауіпсіздік саласына көңіл бөліп, дұрыс жасаппыз. 

Менде сізге не болып жатқанын айтып жүрмін. Өзгеріс динамикасы өте қарқынды. Күн сайын болып жатыр. Ең бастысы Владимир Владимирович олар өтіп кетті...Біз сізбен өткенде Беларусь еліндегі бүліктің немесе түсті революцияның қалай өрбитінін талқылаған едік. Бәрі бүліктен басталды.

Олар жеке террорға көшті. Мен сізді бірнеше сұрақ бойынша ақпараттандырып отырмын. Әр күн сайын дамып келеді. Жеке террор. Ашық айтқан адамдарға қатысты жүріп жатыр. Мемлекет пен мемлекеттік үшін сөйлеген адамдарға қарсы жасап жатыр. Қазір депутаттарға көшті. Оңбағандар депутат тұратын үйді балалары бар сәтте шабуылдайды. Балалары үйінде, түсінесіз бе?! Қысым жасап, қорқытқысы келеді.

Бірақ менің ойымша бұл уақытша құбылыс, біз олардың барлығын анықтап, ұстап, қатаң түрде заң аясында жазаға тартамыз. Владимир Владимирович бұл біз үшін апат емес. Террор мен басқасына шамамыз келеді. Бастысы экономика", - деді Лукашенко.

Әдеттегідей Лукашенко Путинге өз елінде террормен қалай күресіп жатқанын айта отырып, экономиканы меңзеп, бір жеңілдіктер сұрады. Путин кездесу барысында былай деді: "Өткен жылы біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы вирустың салдарынан төмендеп кетті, шамамен 17 пайызға. Биыл төрт-бес айдың ішінде ол 37 пайызға дейін көтерілді. Бұл жақсы көрсеткіш. 

Коронавирус пандемиясы, сыртқы қысым мен санкциялық саясаттарға қарамастан республика кредитін сәтті өтеуде. Жаңа ғана маған Беларусь елінің сыртқы қарызы екі жарым пайызға азайды деген хабар естідім, яғни 1,5 миллиардқа азайта білдіңіздер. Яғни бұл тұрғыдан Беларусь сенімді және тұрақты серіктес".

Лукашенко кездесу барысында Ресей мен Беларусьқа қысым жасау Батыстың қолынан келмейтінін, жағдайдың өзгергеніп мәлімдеді. Кездесу барысында "Одақтас ел" жобасы да сөз болып, Путин бұл жобаны мұқият іске асыру керектігін айтты. Ал Минск 2022 жылғы газ бағасына жеңілдік алды.

Лукашенко мен Путин 2021 жылы 4 мәрте ресми кездесті. Яғни орта есеппен бір жарым ай сайын бір кездесу деген сөз. Тіпті бір елдің президенті мен облыс әкімінің, министрлерінің өзі бұлай жиі кездеспейді. Кездесу бағыты сол бір газ бағасына жеңілдік  және қаржы түрінде несие алу. Лукашенконың әр кездесуінде Путинге иілу мен бағыну байқалады. Құдды бір өзге елдің басшысы емес, Ресейдің губернаторы іспеттес.

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485