Сенбі, 23 Қараша 2024
3646 2 пікір 14 Шілде, 2021 сағат 13:34

Мектеп қаржысын жымқырған

Шымкент қаласында Қаржы мониторингі агенттігі мектеп салу кезінде қаражат ұрлау фактісін анықтады. Шымкенттегі ҚМА аумақтық департаменті «Жұлдыз» тұрғын үй кешенінің алабындағы орта мектеп құрылысына бөлінген 5,5 миллион теңгенің ұрланғанын анықтаған.

Тергеу барысында кәсіпкер мектеп салу кезінде нақты атқарылған жұмыс туралы қате мәліметтермен есептер ұсынғаны белгілі болды.

Сот құрылысы-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген шығын мөлшері шамамен 5,5 миллион теңгені құрағанын анықтады. Құрылыс жұмыстарын жүргізген кәсіпкер кінәсін толығымен мойындап, келтірілген шығын көлемін төледі. Еңбекші ауданының соты оны үш жыл бас бостандығынан айырды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485