Мәжіліс: Қазақстандағы жаппай ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 29 мамыр күні Мәжілісте Қазақстандағы жаппай ашаршылықтың 80 жылдығына байланысты осы зұлматтың құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтеді.
Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар - ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комиттеттері.
Отырыс жұмысына Парламент депутаттары, «Нұр Отан» ХДП Орталық Аппаратының, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚРБҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері, Қазақстанның көрнекті ақын-жазушылары мен тарихшы ғалымдары, БАҚ өкілдері қатысады.