Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4143 0 пікір 28 Мамыр, 2012 сағат 13:56

Колпаковский орденінің астарында не тұр?

Мамыр айының басындағы мере­келік қарбалас сәттерде Алматыда жетісулық казактардың да мерекелік жиыны болып өтті. Дәлірек айтқанда, Жетісу казактарының жаңа ғима­ра­тының тұсауы кесілді. Аталған мере­келік шара барысында «Жетісу губернаторы Г.А.Колпаковский. Ұзын­ағаш маңындағы шайқастағы жеңіске - 150 жыл» ордені үлестірілді. Бұл мара­пат казактар қауымдастығына ең­бек сіңіріп жүрген қайраткерлерге таратылды.

Әрине, Қазақстанның ішкі саясаты бей­бітшілік пен достық, түрлі ұлт өкілдерінің төл мәдениетін дамытуына мүмкіндік беру болып отырғаны бәрімізге белгілі және оған ешкім қарсы шығып та жатқан жоқ. Алайда бұл саясат Қазақ­стандағы этникалық басымдықты құрайтын қазақ халқының шамына, намысына тиюге рұқсат береді деген сөз емес шығар. Еліміздегі славян тектес халық­тардың мәдени орталықтарының шектен тыс ұлтшылдығы елдегі ұлтаралық татулыққа жік салатын факторға айналып кетуі әбден мүмкін. Мәселен, кешегі жиында орыс, казак және славян тектес халықтардың мәдени орталық­та­рының символы, яғни жаңа туы бекітілді. Мұның не қажеті бар еді? Ендеше, ертең Қазақстандағы ұйғырлар өз алдына, түріктер мен күрдтер, ше­шендер өз алдына бөлек туын көтеріп шықса, Көк Тулы емес, көп тулы елге айналып кетпейміз бе?!

Екіншіден, аталған жиында патшалық Ресей кезіндегі орыс отаршылдығының негізгі қол­шоқ­пар­ларының бірі атанған Колпаковскийдің ұлық­талуы, оның атында дардай бір орден тағайын­да­луы жергілікті халықтың көңіліне келері анық.

Бұл күнде қалың қазақтың мақтанышына айналған Қабанбай мен Бөгенбайдың, Қарасай мен Наурызбайдың атында бірде-бір орден жоқ. Сондағымыз еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің көңілдеріне келмесін деген ниет шығар. Алайда өзге ұлттық-мәдени орталықтардың тарапынан осы ниет бағаланып жатыр ма? Әсіліне келгенде, Ұзынағаш түбіндегі шайқас та, Колпаковскийдің қазақ үшін сіңірген еңбегі де - бүгінгі тарих үшін дүдәмал нәрсе. Еліміздің казактары соңғы жылдары Ұзынағаш түбіндегі шайқасты жиі көтеріп, оны ұлттық мақтаныш ретінде көрсетуді әдетке айналдырды. Ал сол шайқаста қанша қазақ­тың басы далада қалып, қанша қара­домалақтың жетім атанғанын, қанша қазақтың елінен безіп, Қоқан асып кеткенін дәл бүгін салмақтап, саралап жатқан жандар кемде-кем. Бұл күнде оған саяси баға беруге де ешкім асығып жатқан жоқ.

Ал турасына келсек, бұл шайқас қазақ­тың сорына айналған шайқас, отаршыл орыс­тың қол астына енердегі соңғы аяқ серпуі еді.

Енді бүгін тәуелсіз Қазақстанның Туы­ның астында отырып, сол Колпаковскийдің құр­метіне орден таратқанымыз - мазақ, әрине.

Шараны ұйымдастырушылар жиынға мем­лекеттік қайраткерлер, қалалық әкім­ші­лік адамдары келіп қатысқанын айтып еді. Олардың есімдері нақты кім екенін анық­­тамақ оймен қалалық әкімшілікке сұ­рау салдық. Алғашында әкімшілік адам­да­ры бұл шараға қатысқан жоқпыз деп ат-то­нын ала қашты. Артынан сұрастыра келе, Ал­маты қалалық ішкі саясат басқар­ма­сы­ның қызметкерлеріне хабарластық. Қа­ла­лық ішкі саясат басқармасы бастығы­ның орын­басары Есенбеков Айдарды сөзге тарт­қан едік, ол бұл шараның ауқымды емес екенін айтып сендірді.

Айдар Есенбеков, Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары:

- Бұл шара Жетісу казактарының ескі ғимаратының жөндеуден өтіп, қай­тадан ашылуына арналған жиын бола­тын. Онда Колпаковскийдің атында ор­­ден таратылғаны рас. Жеке басым бұл шара идеологиялық тұрғыдан дұ­рыс деп айта алмаймын. Дегенмен оны мем­лекеттік марапатпен шатастыруға бол­майды. Олар - қоғамдық бірлестік. Яғ­ни қандай марапат таратса да, өз ерік­­тері. Біз оған араласа алмаймыз.

Демек, идеологиялық мәселеде әркім өз ойлағанын жүзеге асыра береді екен. Сон­да Қазақстандағы әр халық өзі тұлға тұтатын адамның атынан марапат тағайындап, өзі қалаған идеологияны жүзеге асыра беруге құқылы ма? Бұған кім жауапты? Ішкі саясат басқармасы жауапты емес деп кім айта алады?!

Шын мәнінде, қазақ жерін күшпен басып алып, Тәуелсіздігінен айырған, Жетісудың құнарлы жерлерін аяусыз тартып алып, казактар мен Ресейден қоныс аударған орыс шаруаларына таратып берген Колпаковскийдің атындағы орденнің бүгінгі тәуелсіз Қазақстан шаңырағының астында таратылуы мазақ емес пе?! Егер осыған наразы болған бес қазақ мұңын шағып, көшеге шықса, оларды «толеранттылық қайда» деп сөгеріміз анық қой. «Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек» демекші, қазақ үшін киелі болып саналатын осындай ұғымдардың үнемі аяқасты бола беруі аңқау қазақтың бөрі мінезді жадын оятып жіберсе, таңғалмаймыз. Мысалы, кеше ғана Мұстафа Шоқайды «сатқын, фашист» деп жариялаған басылым соттан жеңіп шықты. Бұл жеңіске желіккен орыстілді қауым интернет беттерінде мысқылдап, шоқ-шоқтап жатқанын көріп жатырмыз.

Қысқасы, «Жетісу губернаторы Г.А.Колпаковский. Ұзынағаш маңындағы шайқастағы жеңіске - 150 жыл» деген атпен орден табысталуы - қайғы кешкен кешегі қазақтың тарихына көрсетілген мысқыл. Ал сол шараға Алматы қалалық әкімшілігінің қолдау көрсетіп, түрлі мемлекеттік органдардың шенеуніктерінің қатысуы келеңсіз жайт болып отыр.

Бір пікір

Алдан Смайыл, Мәжіліс депутаты:

- Қазақстан Республикасының ау­ма­ғында құрылып, мемлекеттік тіркеу­ден өт­кен ұйымдардың өздері ордендер шы­ғаруын заңсыз деп есептеймін. Өйт­кені Қа­зақстанда таратылатын орден, медальдар тек мемлекеттік болуы керек. Ұйым­дардың төсбелгілері, сим­вол­дары болуы заңды. Бірақ орден жа­сап алып, оны өз­дерінің көзқарас­та­рына сай келетін адамдарға таратып, өз­дерінің идеологиясын жүр­гізуі заң­сыздық деп есептеймін. Прокуратура қыз­меткерлері бұл мәселені заң шең­­берінде қарастыруы керек. Өйткені бұл орден, бір жағынан алып қарағанда, ха­­лықты арандатушылық, іріткі салу­шы­лық болып табылады. Ұзынағаш шай­қа­сы - қа­зақтардың жерін басып алу үшін болған соғыстардың бірі, отар­шылдық шай­қасы. Қазақстанда өмір сү­ріп жатып, «сенің жеріңді жаулап ал­ға­нымыз үшін» деген ас­тардағы орден та­ратуы жергілікті халықтың на­ра­зы­лығын тудырады ғой. Жұм­сартып айт­қанда, бұл - қазақты басынушылық. Та­тулыққа сызат түсіретін осындай әре­­кет­терге заң шеңберінде тойтарыс беру ке­рек деп ойлаймын.

Автор: Сәкен КӨКЕНОВ

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333