Сейсенбі, 2 Маусым 2026
Жаңалықтар 79 0 пікір 2 Маусым, 2026 сағат 14:23

«Спортшыларды жоғары қызметке тағайындау қате!»

Сурет: parlam.kz сайтынан алынды.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан танымал спортшыларды жоғары мемлекеттік қызметтерге тағайындауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Депутаттың айтуынша, барлық спортшы бірдей басқарушылық қабілет пен жоғары интеллектуалдық деңгейге ие емес.

«Бұл қате кадрлық шешім. Егер мұндай адамдар басшылық қызметке келсе, одан ештеңе ұтпаймыз», - деді ол.

Құспан кей спортшылардың радикалды көзқарастарға тез еріп кетуін де олардың сыни ойлау қабілетінің төмендігімен байланыстырды. Оның сөзінше, «оларды бір нәрсеге оңай сендіріп қояды, өйткені өздігінен сараптап, қорытынды жасау деңгейлері өте төмен».

Айта кетелік, сондай-ақ депутат спортта жетістікке жеткен адамның мемлекеттік қызметте де дәл сондай табысқа жететініне сенбейтінін айтты. Бұл мәлімдеме қоғамда түрлі пікір тудырып жатыр.

Abai.kz

0 пікір