Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5514 7 пікір 22 Шілде, 2021 сағат 16:28

«Желтоқсан» - қазақтың ең соңғы ұлт-азаттық көтерілісі

Өмірімнің бір бұлқыныс сәті

Биыл Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толады. Дәл сол күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл болады. Осы екі атаулы тарихи оқиғаның арасында органикалық байланыс бар.

Әрине, мен «Желтоқсан көтерілісі» КСРО сияқты алып мемлекеттің (империялық сипаттағы) керегесін шашып жіберді демеймін.

Бірақ, «Желтоқсан көтерілісі» ондаған жылдар бойы «Халықтар достығы» деген тамаша атпен жүргізген, ал шын мәнісінде, КСРО мемлекетінің Ұлыдержавалық сипаттағы идеологиясының «рухани керегесін» қирата алды.

Желтоқсаннан кейін-ақ, КСРО халықтары «Халықтар достығы» астарынан әділдікті, теңдікті, өзара құрметті, шынайы достықты іздей бастады... Сөйтіп, оның өмірде жоқ екенін көрді...

КСРО-ның идеологиялық платформасы осылай қираған болатын.

...Одақтас елдердің Тәуелсіздікке ұмтылысы еселеп арта берді. Ол бес жылға созылды да, соңында Орталықтың қатаң басқару шеңберінен шығып кетті.

Оған КОКП-ның «Қайта құру», «Жаңа одақ шарты», «Ашықтық» сияқты әрекеттері де көмектесе алмады.. Соңы тек Тәуелсіздікпен аяқталуы тиіс еді.... Солай болды!

Оған «кінәлі», әрине, Қазақ халқының ең соңғы, әрі, нәтижелі ұлттық-азаттық көтерілісі - Желтоқсан көтерілісі!

Алматыдағы мұз алаңдағы он мыңдаған намысшыл қазақтың арасында көтерілісшілердің «қарасын көбейтіп, қарайып жүргенім» - мен үшін өмірімнің ешқашан да қайталанбас бұлқыныс сәті боп қала береді...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371