Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3758 0 пікір 30 Мамыр, 2012 сағат 07:31

Мұхтар Шерім. Агенттегі сұлуға СМС хат

Жаным, менің агентім, менің файлым! Өзіңмен сөйлескен сайын, троян вирусын жұқтырып алғандай, миым-мигобайтым ата жұртта қалғандай, бір түрлі күй кешемін...

Білем, сен де интернет сияқты орысша ойлайсың, СМС-пен хат жазсам, мазақтауыңды қоймайсың...  «Мой компьютерім» менің! «Корзинам» менің... Суретіңе қарасам, фигураң жоқ, корзина сияқты екенсің, жаным... Сонда да, өзіңді файл сияқты жүрегіме «сохранить» етіп қойдым... Қашан кездесеміз? Қашан  «Панель управлениедегі» «установка» боламыз? Әлде мені «өшіріп» тастадың ба?  «Удалить» етпеші мені... Сен «С» болсаң, мен «Д» локальный дискпін... Жынымды келтірсең, өзіңді «форматировать» етіп жіберемін...

Жаным, файлым менің! «Менің әлемімдегі» суреттеріңе қарасам, талай жігіттерді «создать» етіп алыпсың... Бір жігітпен сүйісіп түсіпсің... Әлем интернетке сондай сурет салғаның қалай? Не, «Сетовое окружениесің бе?» Бұл әлде «вся программаң» ба? Қыз деген «Пуск» бола бермеу керек, жаным... Өткенде көрінбей кеттің? «Пойск» арқылы іздедім. «Mail.ru Agent-те» жоқсың. Қайдасың? Кездесейікші? Сені «Антивирус Касперскогомен» тексергім келеді... «Базаң» ескірсе, «овнавить» етейін деп едім...

Жаным! Менің атым Мыжбан... Мені жүрегіңе «копировать» етіп, сосын «вставить» етші...  «Свойствоң» - бет әлпетің қалай өзі? Суретің өзіңдікі ме, әлде сұлу құрбыңның... Қос алмаң - «Видеоадаптерің» ұрып тұр... Сонша жалаңаштап жіберіпсің... Ұялып кеттім! Клавиатура - қолдарың ұнайды маған. Суретіңдегі... Жүрегің - Процессорың мен деп соқса деймін... Көздерің -мониторларың жанып тұр ғой... DVD CD-ROM дисководыңа қарасам, аузың үлкен сияқты. Тамаққа тоймайтын жалмауыз емессің бе? Кейде микро блогыңа сандырақтап өлең жазған боласың... Қуып кетесің де... Өзіңді, сөзіңді «дефрагментация диска» жасап алу керек сияқты... Неге маған жауап жазбайсың? Тым болмаса, ұялы телефоныңмен СМС хат жазшы, жаным! Агентпен сөйлеспесең, өзіңді «удалить» ете саламын... Солай, менің сүйікті файлым, агентім менің!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019